Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тышқан аулап, оны жария қылған Асан Пердешов халық сынына ұшырады (видео)

Үйінде тышқан аулап, банкаға салып қойған әнші Асан Пердешов қатал сынға ұшырады.

b59ue1j3vnz6

«Не қылсам екен мына түнімен ұйқы бермеген бəлені?» деп желідегі оқырмандарына сауал тастаған Пердешов үш түрлі жауап нұсқасын да ұсынған.

«1. Жай банкадан шығарып жіберсем?
2. Үстінен су құйсам ба екен..?
3. Мысықтың алдына барып қойып жіберсем бе екен?».

Асанның бұл қылығы желі қолданушыларын ашуландырды.

«Тілсіз мақұлықты қорлама», «Жібере салыңызшы, ол да тірі жан, обал ғой», «Обал болады, жай далаға жібере салыңыз», «Қалай ұялмай саласыз? Енді бәрі айтатын шығар Асан Пердештің үйінде тышқан бар деп», «Әрине, мысыққа», «Ұят қой мынауың, бала болсаң түсінер едім, әнші емессің ба», – деп сынады желі қолданушылары.

Асанға пайдалы кеңестерін бергендер де аз емес. Оқырмандардың талап-тілегін ескерді ме, әйтеуір аз уақыттан кейін Асан тағы бір видео жариялап, тышқанға нан бергенін айтты.

 

Жіберіп алмаңыз: 

Тойда билеген Мейрамбек ғаламторды «жарды» (видео)

Мөлдір Әуелбекова декреттік демалысында үй жабдықтарын тігіп жатыр

YouTube-те “миллионер” атанған Дәулет Болатов Мейрамбектің назарына ілікті (фото, видео)

Майғазиев: Батырхан Шүкенов “ішімдік ішкен әйелден жеккөретінім жоқ” деуші еді

 

 

 

Талқылау