Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Тұрсынбекке барсаңдар, маған келмеңдер деген": Қабатов Елеукенмен арадағы араздық пен бәсеке жайлы

Ұлттық арнадан шығатын КТА және "Жайдарман" ойындары бүгінде көпшіліктің көзайымына айналып үлгерген. Алайда халықтың көкейін "неге бір арнадан екі лига шығады?" деген сұрақтың мазалайтыны анық. Аман Тасығанға берген сұхбатында Тұрсынбек Қабатов мұның себебін түсіндіріп, Есен Елеукенмен арадағы түсініспеушілік жайлы шындықты айтты, деп жазады Stan.kz.

Тұрсынбек Қабатов Есен Елеукенмен арадағы түсініспеушілік жайлы шындықты айтты

"Есен екеуміздің арамызда 2005-тен бастап келе жатқан түсінбеушілік бар. Оны Есеннің өзі де біледі, оның үндемей жүргені де сол, менің де КТА-мен айналысып жүргенім сол. Бұл жерде баяғы бразилиялық кино сияқты басқаша әңгіме, балалықтың әңгімесі", - дейді Тұрсынбек.

Қабатов Есен Елеукеннің үстінен мінгесіп, лига ашып отыр дегенге келіспейді. Лига ашу баяғыдан келе жатқан арманым еді, - дейді актер. 

"Кезінде қазақша КВН-ді Алматай апай бастады. Ол кісі де мені қатты жақсы көрді, мен де ол кісіні жақсы көреді. Бәрін өзі ұйымдастыратын. Күндердің күнінде Алматай апай өмірден өтті, кейін сол кісіні еске алу кеші болды. Ұлы Әзімхан тізгінін ұстап қалды. Мен пойызбен Алматы қаласына бара жатқан уақытта, Шудың тұсына жете берген кезде маған Астана қаласынан звондады. - Ертең таңертең Астанада болу керексің. Үлкен концерт болайын деп жатыр. Таңертең дайындық, - деді. Мәссаған, енді не істеймін? Ұшаққа ақшам жоқ. Әзімханнан қарызға сұрадым", - деп еске алады Тұрсынбек. 

Бұдан кейін Әзімхан мен Тұрсынбектің арасы бұзылған. Құрдасының сұрағанын бергісі келмесе керек, Әзімхан әрнәрсені сылтауратып, тартыншақтаған. Алайда ақырында аз-маз ақша ұстатқан. Тұрсынбек Астанаға ұшып кеткеннен кейін, артынан хабарласып, артық сөздер айтқан көрінеді. Алматай апайдың ұлымен ренжісіп қалған соң, Тұрсынбек өз лигасын ашуға бел буған. Сол кездегі Астана қаласы әкімінің орынбасары Төлеген Мұхамеджанов Тұрсынбектің идеясын қолдаған. 

"Есен ол кезде Шымкентте "Көз тимесін", "Өзіміздің жігіттер" командаларына жетекшілік етіп жүрді. Сол кездері өзім жүргізем деген де ой болған. Төлеген аға айтты: - Астана қаласынан команда жоқ, "Аграрка сарбаздары" шықпаса, кім ойнайды? Әзірге басқа біреуге бере тұр, жүргізсін. Алдағы уақытта көре тұрарсың, - деді. Мен Есенге звондап: - Лига ашайын деп жатырмыз, сен жүргіз, қысылма, бастайық, - дедім. Ол келісті", - деп бастамасын еске алды Қабатов.

Бұдан кейін КВН лига ойындары өз жұмысын бастап, кең танымалдылыққа ие бола бастаған. Күндердің күнінде Тұрсынбек Есен Елеукенмен де сөзге келіп қалған. - Мәскеуде КВН-нің қызып тұрған шағы еді, - дейді Тұрсынбек. 

"Сосын мен қазылар алқасында отыратын болдым. Тренингтар жүргізем. Мені үнемі шақырып тұратын, командалармен кездесемін. Сөйтіп жүрген кезде мені ақырын-ақырын шетке ысырып, әрі қарай өзімен өзі қазақша КВН болып, одан әрі қарай "Нұр Отан" партиясымен жұмыс істеп, дамып кетіп қалды", - дейді Тұрсынбек. 
2010 жылы театр ашқан кезінде Қабатов тағы да КВН лигасын ашуды ойлаған. Алайда Есағаң өзіне бәсекелес болмауға өтініш жасаған көрінеді. Ол кезде де Тұрсынбек ойынан айныған. 

"Күндердің күнінде жеке орындаушылардан "Көңілашар" атты бағдарлама істейтін болдым. Украинаның режиссерлерімен келісіп қойдық. "Қазмедианың" іші дайын. Есен Елеукенмен, бәрімен келісіп, "Жайдарманның" балаларымен келісіп, ол жігіттер келетін болып... Кастинг жасадым, 20 шақты балалар алып келдік.

"Жайдарманнан" 30 шақты жігіт келетін болды. Ойымда ештеңе жоқ, мәз боп жүрген кезде Есен балаларға звондап: - Кімде-кім Тұрсынбекке барады, "Жайдарманға" келмей-ақ қойсын, - депті. Менде 20 бала бар, "Жайдарманнан" ешкім жоқ. Сол бағдарламам күйді. Қашып, тыңдамай келген Нұрболхан, Асылхан, Мейіржан сияқты 4-5 бала келді. Сөзінде тұрып, азаматтық танытып... 

Бұл жерде Есенге ренжігенім емес. Менде әлі талай бағдарлама болады. Қашанғы жібере ме екен, жоқ па деп ойланып жүрем. Айналдырған елімізде 30 шақты талантты бала бар. Ертең кино түсірем, сериал түсірем, сол кезде осылай жалтақтап отырам ба? Одан да өзімнің лигамды ашайын дедім. Бірінші жылы 14 шақты команда келді", - дейді Қабатов.  

Бүгінде Тұрсынбек Есен екеуінің сәлемі түзу екенін, оған ешқандай реніші жоқ екенін айтады. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр