Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тынық мұхитта кеме бортынан құлап кеткен ит бір айдан кейін аман табылды

Луна атты неміс итінің күшігі АҚШ Калифорния штаты Сан-Клемент аралынан бірнеше шақырымда жүрген балық аулау кемесінен түсіп қалғаннан кейін бір ай өткен соң иесіне қайта оралған.

1956977_20160317104650

Оның иесі иттің жоғалғанын анықтап, бірнеше күн бойы іздеген. Бұл жұмыстар нәтижесіз болғандықтан, 20 ақпанда Facebook-тегі парақшасында  Луна өлуі мүмкін деп жазды. Алайда осыған дейін ол Сан-Клемент аралындағы әскерилерге күшік жоғалғаны жайлы ескерткен.

15 наурызда әскерилер жолда тұрған Лунаны тапты.  Оны тексерген ветеринар иттің арығаны болмаса, жағдайы біршама тәуір екенін айтты. Шамасы, Луна бір айдай ұсақ кемірушілер мен балықтарды азық еткен.

Әскерилер итті иесіне қайтарды.

Талқылау