Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдармандары Ділнәз Ахмадиеваның бояусыз сүйкімдірек көрінетінін айтты (фото)

Ділназ Ахмадиева желі қолданушыларына тосын сый жасады. Әнші макияжсыз түрін көрсетті әрі сүйіктісімен еш бояусыз-ақ кездесе беретінін байқатып қойды.

16122717_373949239634148_3366142573419692032_n

Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ділназ Ахмадиева тыңдармандарын таңғалдырғанды ұнататын жұлдыздардың қатарынан. Жуырда ол барша қазақстандыққа отбасылы еркекпен кездесіп жүргенін ашып айтқан болатын. Ол соңғы жазбасы арқылы бүгінде сүйіктісінің бар екенін айтып қалды. Әнші инстаграм парақшасына макияжсыз түскен суретін жүктеді. Желі қолданушылары керісінше әншінің макияжсыз жүзін ұнатқандарын жазып жатты.

“Бояусыз сүйкімді көрінеді екенсіз”, “Сондай сүйкімді болып тұрсыз”, “Ділнәз, сондай сұлусыз. Бақытты болыңыз”, “Диля, сізге ешкім жетпейді”, “Сізбен бірге таңды қарсы алғым келеді”, “Үйден макияжсыз шықпа”, “Бетіңде бояу болмаса да, жүзіңнен шуақ шышылып тұр” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Айқын Төлепберген артық салмағы үшін алаңдап жүр (фото)

Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)

Санжар Мәдиевтің отбасылық суреттері жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Аша Матай жаңа істі қолға алды

Талқылау