Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тығыз уақытқа қарамастан қалыпты ұйқыға қол жеткізуге арналған 9 кеңес (фото)

Бірқатар табысқа жеткен бизнесмендер көп жұмыс істеп, аз ұйықтайды. Сөйтеді де жақсылап ұйқыны қандыруға уақыт табыла бермейді.

6103

Бұл туралы Business Insider хабарлайды.

Егер сіз беліңіз жазылмай жұмыс істеп, ал түнде дөңбекшіп ұйықтай алмай, бірақ, таңертең кереуетіңізден тұра алмай қиналсаңыз, онда біз сіздерге жақсы кеңестер бере аламыз. Бұл кеңестерді іске асырсаңыз, аз уақытта да сапалы ұйқыға кез болуға болады.

Өзіңіздің биологиялық сағатыңызды тыңдаңыз. Режим орнатып, соны бұлжытпай орындау қажет. Сонда ғана әр таң сайын жақсы көңіл-күймен ояна аласыз.

businessman showing clock in suit isolated on white background with clipping path

Ұйқының алдында тыныштық керек. Соңына дейін жұмыс істеудің қажеті шамалы. Сіздің денеңіз өз-өзін қалпына келтіріп, рахатты сезініп үлгеруі қажет. Әр кеш сайын кітап оқып немесе теледидар көруді әдетке айналдырыңыз.

2178

Жатын бөлмеде гаджеттердің болмағаны жөн. Жатын бөлме тек ұйықтау үшін. Ал телефон мен планшет сіздің ойыңызды бөлетіні анық.

3138

Жатын бөлме қоңыр салқын болып тұрса тіпті керемет. Орташа температура шамамен Цельсий шкаласы бойынша 15-18 градус болса өте жайлы.

4108

Өзіңіздің мәселеңізді, тапсырмаларды жазып, арнайы күнделік арнаңыз. Біздің бірден ұйықтап кете алмауымыздың себебі – ертеңгі күнгі істейтін шаруаларды ойға алып мазасызданамыз. Олай алаңдағанша, барлық шаруаны қағазға жазып, жаныңызға қоя салған абзал.

5105

Табиғаттың үніне құлақ түру керек. Тіпті ұйқыда жатқан кезде де сіздің миыңыз дыбыстарды ести алады.

6103

Кофе туралы таңертеңге дейін ұмытыңыз. Оның әсері сіздің организмде 14 сағатқа дейін сақталады.

791

Тағы да ескертеміз, жатын бөлмесі – жұмыс істеу немесе тамақ ішу үшін емес, жатып демалу үшін. Сіздің миыңыз ол бөлмені демалыс орыны ретінде қабылдауы тиіс.

977

Сіздің ұйқыңыз үшін қанша сағат керек екенін біліңіз. Көптеген адамдар ұйықтауға 4-5 сағат жеткілікті дейді. Алайда бұл аса жеткілікті уақыт емес. Әркімге әрқалай әсер етеді. Оятқышты бір сәтке өшіріп, өзіңіздің қай уақытта оянатыныңызды байқап көру артық етпейді.

1064

Талқылау