Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұздың денсаулыққа қауіпсіз мөлшері анықталды

Канададағы Макмастер университетінің ғалымдары тұзды тәулігіне 5 граммнан аз қолдану артериалды гипертензия мен жүрек-қан тамыр ауруларының даму қаупін төмендетеді деген қорытындыға келді.

Тұзды пайдаланудың қауіпсіз деңгейі аталды

Ғылыми жұмыстардың нәтижелері жазылған мақала «Ланцет» журналында жарияланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Зерттеуге бүкіл әлем бойынша 369 елді мекеннен 30-75 жас аралығындағы денсаулығында кінәрат жоқ 95 767 адам қатысты. Ғалымдар натрий тұзының күнделікті тұтынылуын бағалау үшін қатысушылардың зәр үлгілерін алып, қан қысымын өлшеді. 82 544 адамнан тұратын іріктеу кезінде олардың жүрек-қан тамыр ауруынан зардап шегетіні анықталды.

Зерттеу кезінде Қытайдың елді мекендерінен қатысқан адамдардың 80 пайызының күніне бес граммнан да көп тұз тұтынатыны белгілі болды. Ал, ал басқа өңірлердегі қатысушылар тәулігіне 3-5 грамм тұз қолданған. Сонымен қатар, систолалық артериялық қысым да ағзаға қосымша тұз түскенде 2,86 граммға көтерілген. Дегенмен, тұзды тым аз тұтыну да жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттырады.

Ғалымдардың сөзіне сүйенсе, жүрек-қан тамыр ауруының даму қаупін төмендету үшін тәулігіне 4,7 грамм тұз тұтынған жөн.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау