Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынғали Алагөзовтің қызы БАҚ-қа арызын айтты

Тұрсынғали Алагөзовтің қызы Әмина Алагөзова БАҚ-қа арызын айтты.

photo_207472

Әминаның айтуынша, соңғы кезде оның жеке өміріне қызығушылық танытушылар саны артқан. Ол қазақстандық басылымнан өзі мен Баян Есентаеваның қызына қатысты жалған ақпарат жарияланғанын айтады. Тұрсынғали Алагөзовтің қызы ата-анасының әлі күнге дейін заңды некеде екенін атап өтті. Бойжеткен БАҚ-тан расталған ақпарат жазуды сұрады.

Бұған дейін Баян Есентаева мен оның сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзов алғаш рет бірігіп сұхбат беріп, тойдың қашан болатынын айтты. Кәсіпкер Есентаевамен танысқан кезде әйелімен некеде болғанын, ал қазір ажырасу үстінде екенін мәлім еткен еді.

Баян Мақсатқызы екеуінің екі отбасынан бөлініп қосылатынын, жаңа өмірінің  қиындықтан басталатынын, оған әбден дайындалып отырғанын ашық айтты. Ол отбасындағы жанжал яғни күйеуінің пышақтауына өзінің өтірік айта алмайтындығы себеп болды деп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда Баян Есентаевамен суретке түсу үшін жүздеген адам кезекке тұрды (фото, видео)

Қазақстандық актер адам өлтірді деген айыппен 11 жылға сотталып кетті

Ерлан Орынбасаров өз отбасын өзі ойрандаған жұлдызды сынады

Гүлзира Айдарбекова хан сарайындай үйін көрсетемін деп сынға ұшырады

Димаш Құдайбергенов «Америка дауысына» қатыспайтын болды

Талқылау