Тұрсынғали Алагөзовтің балалары немен айналысады?
Баян Есентаеваның сүйіктісі, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің алғашқы некесінен екі ересек баласы бар. Бірінші әйелімен ажырасқаннан кейін Алагөзовтің балаларымен ара-қатынасы бұзылғандай көрінді. Себебі кәсіпкер еш себепсіз желідегі парақшасынан ұлы мен қызының суреттерін өшіріп тастаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Сондай-ақ, Алагөзовтің тұңғышы Әмина Алагөзова БАҚ арқылы әкесіне деген назын айтқан болатын. Ол өзінің отбасына (отбасы ретінде Әмина өзін, анасы мен бауырын атап өткен) қатысты жалған ақпараттар таратпауды сұраған-ды.

Эмоциямен балаларының суреттерін өшіріп тастаған Алагөзов енді оларды сағынып жүрген ұқсайды. Күні кеше атышулы кәсіпкер инста-парақшасына қызымен түскен суретін қайта жүктеп қойды.
“Балаларың үлкен болса, проблема да үлкейе түседі”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, Әминадан бөлек Алагөзовтің Арсен есімді ұлы бар. Кәсіпкердің перзенттері шетелдегі элиталық университеттердің бірінде білім алған.




Жіберіп алмаңыз:
Динара Қырықбаева әжесін соңғы сапарға шығарып салды (фото)
Өнер иелері азық-түлік бағасының қымбаттауына қарсы бас көтерді
Айқынмен ара-қатынасын жасырған Жұлдыз Өмірғали балалы болғанын мойындауға мәжбүр болды
Әли Оқапов Ақбота Сейітмағамбетпен қарым-қатынасы жайында бар шындықты айтты
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді