Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбектің қызы өз биімен көпшілікті тəнті етті (видео)

Танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова қызының заманауи биін көрсетіп мақтанды, деп жазады Stan.kz.

Тұрсынбектің қызының биі желіні "жарды" (видео)

Мөлдір Мұқанова Instagram-парақшасында қызы Әдемі Тұрсынбекқызының биін жариялады.

«Міне қуат. Күні бойы қонаққа дайындалып, қонақ кеткенде түні бойы ыдыс жуып, бәрімізді ұйықтатып тастап, таңғы сағат 6:30-да есік алдына шығып алып билеп, видео түсіріп жүргені қалай кетті?» – деп жазды ол.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары Тұрсынбектің қызының биіне тәнті болып,  талабы бар екенін айтып жатыр.

«Күшті билейді екен», «Жарайсың, талант десе талант», «Осы қызыңыз пысық. Сізге тартқан. Биге икемі бар екен», «Жақсы билеп шықты, пластикасы күшті екен», «Өздеріне сондай жарасады екен. Ұнап қалды биі», – деп жазды желі қолданушылары.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау