Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрмыстық жағдайы нашар отбасылар құрбандық шалу қажеттілігінен босатылды

Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы нашар мұсылмандар Құрбан айт мейрамының құрметіне қой бауыздамаса да болады.

image

Фото: stan.kz

Бұл туралы ҚМДБ ресми сайтында хабарланды.

Бас мүфти Ерлан қажы Малғажыұлы қазақстандықтарды келе жатқан Құрбан айт мейрамымен құттықтады. Ол Қазақстан жұртшылығына береке, денсаулық және табыс тіледі.

“Құрбан айт рухы мықты халқымыздың міндетті түрде атап өтетін мейрамдарының қатарына кірді. Сондықтан жұрт оған аса ыждахаттылықпен дайындалып жатыр. Береке-бірлігімізді арттырып, дінге деген сенім мен махаббатты, мейірімділікті ту еткен Құрбан айт мейрамы құтты болсын”, – дейді ол.

Бірнеше күннен бері мұсылмандар Жаратқанға құрбандық шалып, қой бауыздап, дұға етуде. Осылайша олар Аллаға бір табан жақындайды. Мүфтидің айтуынша, “құрбан” сөзі араб тілінен аударғанда “жақындық”, “жақындастыру” деген мағынаны білдіреді екен.

“Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы нашар отбасыларға құрбандық шалу міндеттелмейді. Қасиетті мейрам қарсаңында мұсылман бауырларымыз бен мемлекетіміздің азаматтарын жағдайы төмен отбасыларға, жетім-жесірлерге, қарттарға көмектесуге шақырамыз”, – дейді Ерлан қажы Малғажыұлы. Құрбан айт мейрамы 12 қыркүйек күні басталмақ. Қасиетті мейрамның құрметіне қазақстандықтар, 10-12 қыркүйек аралығында демалады.


Құрбан айт кезінде оқылатын дұғалар

Құрбан айт жайлы әр мұсылман білуі тиіс 12 дерек

Талқылау