Түркістанда құдық құбырына құлап кеткен 29 жастағы қыз құтқарылды
Түркістанда 29 жастағы қыз құдықтың құбырына құлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қызды құтқаруға 31 адам жұмылдырылған.
“Бүгін сағат 09:18-де 1994 жылы туған азаматшаның Түркістан облысы Майтөбе ауылының маңындағы ашық алаңда орналасқан дренаждық құдыққа құлағаны туралы хабар келіп түсті. Сағат 12:06-да жергілікті тұрғын құдыққа түсіріліп, 12:14-те қызды құдықтан ес-түссіз күйде шығарып алды”, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдемнің, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылған.
Бұған дейін Түркістан облысының Біртілек ауылында 2019 жылы туған бала 15-00-де үйден шығып, қайтып оралмағанын хабарлаған едік. Төтенше жағдайлар министрлігі оның денесі суару каналынын табылғанын мәлімдеді.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады