Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы небәрі 1 жылдың ішінде жаңа пәтеріне көшіп, қоныс тойын тойлады

Сейсенбі, 22 Қараша , 2016 9:33

Талдықорған қаласының тұрғыны Жазира Үшбайқызы небәрі бір жыл ішінде жаңа пәтерге қол жеткізіп, қоныс тойын тойлады. Ол енді Астана қаласынан екі бөлмелі пәтер алуды жоспарлап жүр. Осы мақсатын жүзеге асыру үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде тағы да бір депозит ашып, ақша жинап жатыр. Жазира ханым барша қазақстандыққа аталған банк арқылы қорықпастан үй алуға кеңес беріп жатыр.

нр

Фото: Жазира Үшбайқызының архиві

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күн сайын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пәтер кілтін иеленіп жатқандардың саны артып келеді. Олар – осыдан бірнеше жыл бұрын тәуекелге бел буып, ақша жинаған азаматтар. Бүгінде бұл азаматтар қоныс тойын тойлап, жылы пәтерлерінде Жаңа жылды қарсы алмақ. Талдықорған қаласының тұрғыны Тілепова Жазира Үшбайқызы бір жыл ішінде жаңа пәтеріне кірген. Алматы қаласынан алған бұл пәтерінің ақшасын бірден өтеп, артынша Астанаға көшіп барған. Енді екінші пәтеріне ақша жинап жатыр.

“Бұл бағдарлама қолға алына бастаған кезде мен студент едім. Ол туралы алғаш дәрігер әпкемнен естідім. Олар қуықтай ғана бөлмелері бар үйде тұрды. Кейін Алматыдан үй алуға ақша жинады. Бірақ, ол уақытта астанамыздан пәтер алу мүмкін емес еді. Үйдің бағалары шарықтап тұратын. Есесіне Құрылыс жинақ банкінде депозит ашып, қажетті соманы жинады. Өздерінің үйлерін кеңейтіп, орнына екі қабатты зәулім үй тұрғызды. Оның үстіне бұл – мемлекеттік банк. Менде ешбір сенімсіздік болмады.

Қазір 37 жастамын. Бір қызым бар. Депозиттегі ақшаны 2008 жылдан бастап жинай бастадым. Біз Талдықорғанда тұрып, Алматыдан үй алдық. Алдымен мемлекеттік бағдарлама бойынша кезекке тұрдым. Кезегім келген кезде банктен депозит аштым. Ал банк өз кезегінде маған қажетті 5 млн теңгені төлеп берді. Ал бұл соманы мен 8,5 жылдың ішінде банкке қайтаруым керек еді. Осылайша 2009 жылдың қараша айында мен жаңа пәтеріме көшіп бардым”, – дейді Жазира Үшбайқызы.

Ханымның айтуынша, ол банкке берешегін бір күн де кешіктірмеген. Бұған сенер адамының жоқтығы себепші болған екен. Десе де, өзінің ұқыптылығы мен жер мәселесіне қатысты білімінің көп көмегі тигенін айтып жатыр.

BQMxl8tSXjw

“Үйді ала салысымен ай сайын банкке 43 500 теңге төлеп отырдым. Ай сайын төленетін ақшаны бір күн де кешіктірген кезім болған емес. Өзім сол пәтерде тұрып жатқандықтан, басқа сенер адамым болмағандықтан, барынша ұқыпты болуға тырыстым. Оның 26 мыңы депозитке түсетін еді. Араға біраз уақыт салып Астана қаласына баруды жоспарладым. Сол себепті, банктегі депозитімді сақтап қалғым келді. Яғни, Алматыдағы пәтердің ақшасын өз қалтамнан төлеп, банктегі ақшама тиіскен жоқпын. Ол депозитті Астана қаласынан алатын 2 бөлмелі пәтерге сақтап келемін. Жаңа үйдің құны – 20 млн теңге. Әлгі Талдықорғандағы үйімді сатып, одан біраз ақша алған едім.”, – дейді ол.

Жазира ханымның Алматы қаласынан алған пәтерінің құны 5 млн 700 мың теңге болған. Ол 3-4 ай табандылық танытып, банктің соңынан жүріп, қажетті құжаттардың барлығын жылдам жинастыруға тырысқан. Бұрын-соңды жер мәселесіне қатысты қызметте болған екен. Осы қызметінен алған білімінің өзіне көп көмектескенін айтып жатыр.

“Үйді алатыныңды 100% біліп тұрсаң да, жүрегіңнің түбінде бір түйір сенімсіздік болады. Сол себептен болар кезегім келгенін білген кезде, қатты қуандым. Төбем көкке жетіп, ерекше сезімге бөлендім. Барша қазақстандыққа, әсіресе, жастарға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қорықпастан ақша салуға кеңес беремін. Өмір бір қана рет берілетіндіктен, алдымызға келіп тұрған мүмкіндіктерімізді жіберіп алмауымыз керек. Қалау бар жерде нар тәуекелге де орын бар”, – дейді Жазира Үшбайқызы.

Көптен күткен үйіне қол жеткізіп, төбесі көкке жетіп жатқан жалғыз Жазира ханым емес. Осы уақытқа дейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшысының базарда жүк тасып, армандаған баспанасына қол жеткізгені туралы жазған болатынбыз. Арасында зейнетақысына немерелеріне пәтер сыйлап жатқан ата-әжелер де бар.


Жіберіп алмаңыз:

Сарапшылар: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің рейтингті сақтап қалуы – қуанарлық жағдай

23 жастағы қыз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жылдам пәтерге ие болудың құпиясымен бөлісті

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін депозит ашу комиссиясы жойылады

Таразда “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” салымшыларына жаңа үйлер мерзімінен бұрын берілді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
03.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар