Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өтемақы төлеуге қосымша келісімге қол қою мерзімін бір айға ұзартты

Сәрсенбі, 1 Маусым , 2016 10:50

2016 жылдың 31 мамырының операциялық күні аяқталғандағы жағдай бойынша, өтемақы төленуі тиіс 452 069 салымның 160 765 салымы бойынша қосымша келісімге қол қойылмаған.

Фото-ЖССБК

Осыған орай, директорлар кеңесінің шешімімен, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін қосымша келісімге қол қою мерзімінің ұзартылғанын жариялайды (Қосымша келісімге қол қоюдың соңғы күні – 30-шы маусым 2016 жыл).

«Көбінде сомасы 1 млн. теңгеден аспайтын депозиттер бойынша келісімдерге қол қойылмаған. Банкте мұндай 150 248 салым бар. Жинақ сомасы 1 млн. теңгеден асатын 10 518 депозиттің иесі Банкке хабарласпаған», – деп хабарлайды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз-қызметі.

Қосымша келісімге уақытылы қол қойған салымшыларға (2016 жылдың 1-ші маусымына дейін) өтемақының алғашқы траншы үстіміздегі жылдың маусым айында төленетін болады. Ал қосымша келісімге маусымның 1-і мен 30-ы аралығында қол қойған салымшылар, өтемақының алғашқы траншын 1-ші тамызға дейін ала алады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің хабарлауынша, өтемақы бюджет қаражаты мен банктің табысы есебінен екі транш арқылы төленеді.

Өтемақы көлемі 35,5% болады. 2016 жылы – 19,2%, 2017 жылы 16,3% өтемақы төленеді.

Қосымша келісімге қол қою үшін салымшылар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кез-келген жақын маңдағы бөлімшесіне хабарласа алады. Сондай-ақ электронды-сандық қолтаңбаны пайдала отырып,  www.egov.kz порталында немесе   банктің www.hcsbk.kz ресми сайтында, онлайн режимде қосымша келісімге қол қоюға болады.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар