Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұраққа таласқан ер адам жүкті келіншекті ұрып тастады

Мәскеу тұрғыны автотұраққа көлікті дұрыс қоймадың деп кінәлап жүкті келіншекке қол жұмсаған.

1485987756

Фото: Наталья Селиверстова

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Полицияға шағымданған әйел денесіне бірнеше жарақат түскенін хабарлайды. Оның сөзінше, ол Фридрих Энгельс көшесі бойындағы тұраққа көлігін қойған. Осыдан соң оған келген ер адам, әйел көлігінің қозғалысқа кедергі келтіретінін айтқан.

Әйел түсіндірмек болғанда, ер адам оны ұрып тастаған. Полицейлер әйел денсаулығына әдейі зиян келтірді деген айыппен 30 жастағы тұрғынды ұстады.

Талқылау