Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туған қызы мен құдағиы сотқа берген алаяқ әнші қамауға алынды

Бүгін Астана қаласындағы Есіл аудандық соты құдағилар арасындағы жанжалға нүкте қойды,-деп жазды Stan.kz  сайтының тілшісі. Туған қызы мен құдағиының шағымынан кейін істі қараған сот « Сандуғаш Жұмабек сот залынан қамауға алынсын» деген үкім шығарған.

сандуғашшш

Сурет Сандуғаш Жұмабектің  парақшасынан алынды.

Гүлсара Насирова есімді Астана тұрғыны туған келінінің шешесін «пәтерімді сатып, ақшасын бермей қоды» деп сотқа арыз түсірген болатын. Әнші Сандуғаш Жұмабекке тағылған бұл айыпты оның туған қызы Әсем Мұқатай да растаған еді. Сотта анасының алаяқ екенін айтып, қарсы күәлік те берген еді.

Сандуғаш Жұмабек бүгін сот залынан абақтыға кетті. Істі қараған төраға оған 5 жыл жаза мерзімін кесті. Қылмыскерді сот залынан қамауға алу туралы үкім шығарған. Сандуғаш Жұмабектің қорғаушысы алдағы 15 күн ішінде сотқа  апелляциялық шағым түсіре алады.

Келіні мен енесінің шағымы бойынша жұмыс істеген заңгер Айгүл Орынбек танымал әншіден зардап шеккендер қатары күн санап көбейіп жатқанын айтты.

«Басында бұл кісінің кінәсі дәлелденуіне күмәнмен қарағандар көп болды. Олар сотқа арыздануға да қорықты. Төраға әділ үкім шығарғаннан кейін Сандуғаш Жұмабекке алданғандардың арыз саны көбейе түсті. Олар өз оқиғалары бойынша шағым түсіріп жатыр»,-деді заңгер Айгүл Орынбек.

Ал әншінің туған қызы анасын қамау бойынша үкім оқылған кезде тек шындықты жақтайтынын айтыпты.

Сандуғаш Жұмабек болса туған қызы отбасын яғни күйеуі мен оның туыстары арасындағы қарым-қатынасты сақтау үшін өзіне қарсы шыққанын жазған.

«Ақ кенжем, періштеме өкпем де ренішім де жоқ… Ақиқатты біледі… Түбі түсінеді… Отбасын сақтау үшін осы да дұрыс шығар… Ана… Ол ана… Мәңгілік жүрегі жұмсақ, мейірім төгіп тұратын… Қашан келсең де, қандай жағдай да құшағым ашық! Саған өмір сыйлап, оны өз қолыммен өшіре алмаймын… Мәңгілік мен үшін жарық жұлдызым, жағадағы құндызымсың.

Ең бастысы бар ақиқатты білесің. Жасың келе, ақыл кіре ойланарсың… Бірақ өкпем де, ренішім де жоқ… Мәңгілік мен үшін кіп-кішкентай Әсконтайым, потанайым болып қала бересің, құлыным! Күтемін… Ораламын десең есігім де құшағым да ашық»,-деп жазған әнші Сандуғаш Жұмабек.

Сот үкімі оқыла салысымен әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы тікелей эфирге шыққан заңгер  Айгүл Орынбек  қылмыскердің үстінен тағы бірнеше бап бойынша іс қозғалатынын хабарлады.

“Сандуғаш Жұмабек алаяқтықпен әр қаладан 14 пәтер сатып алған. Оралмандарға азаматтық және баспана алып беруге уәде беріп  2 миллион доллар алған.  Астананың өзінде  200-300 миллиондай қарызы бар. Сандуғаш Жұмабекке қатысты адам саудасы бойынша да іс қозғалуы мүмкін.  Ол атақты адамдарды жалаңаш күйінде суретке түсіріп алып, бопсалаған көрінеді.”,-дейді заңгер.

Бұдан бөлек әнші өзін қолдайтындарға  оқиғаның мән-жайын айта отырып, барлығына құдасы  Насиров Бектұрсынды кінәлайтынын түсіндірмекші болған.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық бүлдіршін халықаралық сұлулық және таланттылар байқауында топ жарды (фото, видео)

Пародист Despacito әнін Қайрат Нұртас пен Заттыбектің даусымен айтып шықты (видео)

1,5 ай бұрын көз жұмған «Иванушкидің» экс-солисі әлі күнге дейін жерленбеген

Димаш Бейжіңдегі жеке студиясын көрсетті (видео)

Талқылау