Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туған қаласына сыйлық: Бағдат Мусин өз ақшасына Екібастұзда мектеп ашып берді

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистикасы және арнайы есеп комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Екібастұзда қаланың 60 жылдық мерейтойына орай бағдарламалау бойынша балаларға арналған мектеп ашты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170618103559

“Мен бүгін Екібастұз қаласының 60 жылдық мерейтойына орай келіп отырмын. Не сыйласам екен деп ұзақ ойландым және әкімдіктің қолдауымен бағдарламалау бойынша балаларға арналған мектеп аштым. Мектеп “Қайнар” қосымша білім беру орталығында орналасқан. 8-16 жас аралығындағы балалар «Love to code» әдістемесі негізінде жеке ойындар мен қосымшалар құрастыруды үйренеді”, – деп жазады Бағдат Мусин Инстаграмдағы парақшасында.

Ол осы бастаманы қолдап, мүмкіндік бергендерге алғыс айтқан. Ол 1997 жылы да Екібастұз да компьютерлік клуб ашқысы келгенін де атап өтті.

“Идея ойынға емес, интернетке қол жеткізу бойынша басталды. Ол кезде 14 жаста едім. 2 компьютер қойып, орынды жалға алып, әкем Интернет қосу бойынша көмектесті. Сол жерде электронды почтамен хат жіберіп, мәтін жазып беріп отырдым. Клуб 3 ай ғана жұмыс істеп, сосын біз Павлодарға көшіп кеттік”, – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Шартты мерзім: Теміртауда 15 жастағы қызды зорлап, жыныстық ауру жұқтырып кеткен

14 жастағы қыз анасының сыныптасымен төсектес болып, басын айналдырып алған

Екі мемлекетте заңсыз зейнетақы алып келген әже сотталды

Алматылық кәсіпкер 500 балаға ЭКСПО-ға билет сатып алып берді

Талқылау