Шартты мерзім: Теміртауда 15 жастағы қызды зорлап, жыныстық ауру жұқтырып кеткен

Жексенбі, 18 Маусым , 2017 10:07

Теміртауда әлеуметтік желіде танысқан 15 жастағы қызды жабыла зорлаған екі жас жігітке шартты түрде жаза кесілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170617174250

Теміртау прокуратурасының хабарлауынша, айыпталушының әрқайсысы 5 жылға шартты түрде сотталған. Олардың мұндай жазаға кесілуіне зардап шегуші де келісім берген. Алайда үшінші айыпталушыны оқушы қыз кешірмеген. Ол қылмысқа белсене қатысқан. Оның әрекетіне қатысты сот әлі жалғасып жатыр.

Теміртау прокурорының орынбасары Еркін Жалмағамбетовтың айтуынша, жас жігіттерге қарсы қозғалған қылмыстық іс процессуалды прокурордың қатаң бақылауында болған.

Іс материалы бойынша қыз жас жігітпен әлеуметтік желі арқылы танысып, кездесе бастаған. Екі ай өткен соң ол жігіт қызды досының пәтеріне қонаққа шақырған. Ол жерде спирттік ішімдік ішкен соң бес жігіт қызды зорлайды. Зардап шегушінің айқайы естілмес үшін, олар музыканың дауысын қатты шығарып қойған. Ақырында көршісі полиция шақырады.

Оқиға орынына келген полицейлер жарты сағат бойы есік қағады. Ал жігіттер болса жарықты, музыканы өшіріп үйде ешкім жоқ секілді тып-тыныш отырып алады. Сосын полицейлер кетіп қалады. Одан соң учаскелік инспектор келген. Ол да аша алмай кетіп қалған соң, қызды тағы да зорлайды. Содан соң барып оны босатқан. Олардың бірі қызға жыныстық ауру жұқтырған. Сондай-ақ, дәрігерлердің айтуынша ол көп қан жоғалтып қойған. Зардап шегуші Теміртаудағы орталық ауруханадағы тері-венерологиялық бөлімінде ем қабылдаған.

Күдіктілердің үшеуі сот алдына келіп, екеуі бой тасалаған. Бірақ, тәртіп сақшылары кейін ол екі күдіктіні де қолға түсіріпті.

Оқи отырыңыз:

14 жастағы қыз анасының сыныптасымен төсектес болып, басын айналдырып алған

Екі мемлекетте заңсыз зейнетақы алып келген әже сотталды

Алматылық кәсіпкер 500 балаға ЭКСПО-ға билет сатып алып берді

Түрмеден босап шыққан Юрий Пакты оқушылары салтанатпен күтіп алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Итер ғой, біреудің өсіріп отырған қызын зорлағандарға аяушылық жоқ.Түрмеде оларды қызтекеге айналдырады ғой.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар