Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамптың сайтынан АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне тыйым салатыны туралы тармақ жоғалып кетті

Дональд Трамптың сайлау алдындағы берген даулы уәделері оның ресми сайтынан жоғалып кеткен.

be267024e767c72d6e2c078e91c70de9

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Ол сайлау алды бағдарламасын таныстыру кезінде АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне тыйым салатынын айтқан еді. Алайда президент болып сайланғаннан кейін сол тыйым мен климат бойынша Париж келісімі туралы уәдесі жоғалып кеткен. Трамптың сайлау алды штабының өкілдері сайттағы өзгеріс туралы пікір білдіруден бас тартты.

Бейсенбі күні Трамп конгресс спикері, республикашыл Пол Райанмен кездесті. Ол салықты төмендетуге, Барак Обама бастаған денсаулық сақтау реформасын тоқтатуға күш салатынын және миграция мәселесімен айналысатынын айтты.

“Біз америкалықтар үшін бәрі керемет болу үшін барлығын жасаймыз”, – деді Трамп.

Мұның алдында миллиардер Ақ үйде АҚШ президенті Барак Обамен кездесіп, қызметтік өкілеттілік мәселелерін талқылаған. Ол Обамен кездесу өзі үшін үлкен құрмет екенін мәлімдеді. Бастапқыда 10 минутқа жоспарланған кездесу бір жарым сағатқа созылған.

Оқи отырыңыз:

Дүкеннен пәтерге өтіп кетіп екі баланы өлтірген жылан иесін сот ақтап шықты

Мәскеуде ер адам бұзылған көлігін көтерем деп басы қысылып көз жұмды (фото)

Көріпкел Ванга АҚШ-тың соңғы президенті Барак Обама болады деп болжаған

АҚШ тұрғыны кешегі сайлау кезінде Мессиге дауыс берген

Талқылау