Ванга АҚШ-тың соңғы президенті Барак Обама болады деп болжаған

Бейсенбі, 10 Қараша , 2016 14:02

Әйгілі Ванга туралы не білеміз? Естеріңізде болса, Болғар елінің тумасы АҚШ-тың соңғы президенті Барак Обама болады деп болжаған-ды. Ол 1996 жылы 85 жасында қайтыс болғанға дейін осы секілді көптеген болжам жасаған.

нрнрнр

Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлайды.

Ванганың болжамы қаншалықты дәл екені белгісіз. АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жетті. Десе де, Дональд Трамптың 2017 жылдың 20 қаңтарына дейін ресми президент болмайтыны анық. Бұдан өзге көріпкел 2004 жылы болған цунамиді, егіздер мұнарасына жасалған шабуылды болжап кеткен болатын. Оның болжамдарының 85 пайызы осы күнге дейін орындалды.

“Халық оған үміт артып, мемлекетті алға сүйрейді деп сенеді. Алайда оның кесірінен оңтүстік және солтүстік мемлекеттер арасында қақтығыс болады. Яғни, бұл президент керісінше мемлекеттің жағдайын нашарлатып жібереді”, – дейді ол.

Ванга болжамдарының бірінде мессиандық тұлға туралы да айтып кеткен. Десе де, бұл адамға қатысты кей мәліметті құпия қалдыруды жөн көрді. Бұдан кейін 2010 жылдың көктемінде (араб күнтізбесі бойынша) “Ұлы мұсылмандар соғысының” басталатынын айтты. Және 2043 жылы Рим мен оның орталығында халифаттың пайда болатындығын жеткізді.

c199a7a7abbf

Көріпкелдің сөзіне сенсек,  келер жылы еуропалықтар континентті босатады. Тіпті, ол жерде тіршілік атаулысы қалмайтын көрінеді. Бұл сөздер қастандық теориясының бар екенін растай түскендей болды. Яғни, ISIS-тің Еуропа мен Ливияға жақындап қалғанын меңзеді. Естеріңізде болса, 2004 жылы “Көптеген ірі қала мен адамдар толқынның астында қалады” деп дәл болжаған еді.

1989 жылы Нью-Йоркке шабуыл жасалып, ағайындылардың көзі жойылатынын да айтқан. Кей адам мұны екі ұшақтың ұрлануымен байланыстырды. “Масқара! Масқара! Америкалық бауырлар болат құстың шабуылынан кейін құлайды” дейді ол бұл туралы. Ванга Еуропа еліне мұсылман экстремистердің басып кіретінін де болжады. 60 жыл бұрынғы климаттың салдарынан полярлық мұздар еріп, судың теңіз деңгейіне дейін көтерілетінін меңзеді.

imgs-164523

Көріпкелдің жанарынан қалай айырылғаны туралы көптеген әңгіме бар. 1923 жылдың жаз айында Ванга әпкелерімен бірге Ново Село ауылына қайтып келе жатады. Кенет құйын басталып, оны 2 км жерге ұшырып әкетеді. Туыстары тауып алған кезде көзінің қатты жарақаттанғанын көреді. Артынша оны түрлі дәрігерге қаратады. Нәтижесінде зағип болып қалады. Осылайша 12 жасында жанарынан толықтай айырылады. Бірақ, осы жағдайдан кейін оның бойында тылсым қасиеттер пайда болады. Мұны білген саясаткерлер көріпкелді әлемнің түкпір-түкпірінен іздеп келеді.

Ол соңғы болжамында 2130 жылы адамдардың су астында тіршілік етуге үйренетінін, 3005 жылы Марста соғыс болатынын және 3797 жылы жер бетіндегі тіршіліктің тоқтайтынын айтып кеткен.

Жіберіп алмаңыздар:

Африкалықтар өздері өлтірген алып жылан ішіндегі жұмыртқаларды көріп қатты таң қалды (фото)

19 жастағы қыз анасының емі үшін интимді қатынас ұсынып өзін аукционға қойды (фото)

Мұхаммедәлі Жүгінісов “Битва талантов” байқауында гран-при жүлдесін жеңіп алды (видео)

Үндістанда ауыл тұрғындары 6 жасар баланы Құдай көріп сыйынып жүр (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
22 күні 7 сағат кері

Өз басым Вангаға сенбеймін, барлығы тек Алланың қалауымен болады

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар