Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт күнде бір тілім нан жеген: Інісі туған әпкесін 2 жыл бойы тар бөлмеде қамап ұстаған

Үндістанда Солтүстік Дели тұрғыны туған әпкесін 2 жыл бойы бөлмеде қамап ұстап, қорлық көрсеткені үшін тұтқындалды. Полицейлер жәбір көрген әйелді тапқан кезде, оның арықтап, әлсіреп қалғаны сонша, өздігінен жүре де алмаған. Анықталғандай, інісі оған 4 күнде бір рет бар жапырақ нан беріп тұрған екен.

Төрт күнде бір жапырақ нан жеген: Інісі туған әпкесін 2 жыл бойы тар бөлмеде қамап ұстаған

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Оның жасы 50-де. Алайда 90 жастағы әйелге ұқсайды. Біз оны құтқарып алған кезде ол өз нәжісінің үстінде жатты. Аштықтан қатты қиналған», – дейді Делидегі әйелдер ісі бойынша комиссия мүшесі.

Төрт күнде бір жапырақ нан жеген: Інісі туған әпкесін 2 жыл бойы тар бөлмеде қамап ұстаған

Әйелдің қорлық көріп жүргенін екінші бауыры хабарлаған екен. Оның айтуынша, әпкесінің психикалық ауытқуы бар. Сондықтан туысы оны жеке бөлмеге қамап қойған көрінеді. Бұған дейін әйел анасымен бірге тұрған. Анасы бақилық болғаннан кейін әйелге күтіп көрсететін ешкім болмапты.

Төрт күнде бір жапырақ нан жеген: Інісі туған әпкесін 2 жыл бойы тар бөлмеде қамап ұстаған

Өз кезегінде бауыры әпкесінің күтімін өз мойнына артып қойғаны үшін ашуланып, өз міндеттерін барынша азайтуға тырысыпты. Ол өзге туыстарына әпкесімен кездесуге тыйым салған.

Төрт күнде бір жапырақ нан жеген: Інісі туған әпкесін 2 жыл бойы тар бөлмеде қамап ұстаған

Оқиғадан хабардар болған полиция туған әпкесін жәбірлеп келген бауыры мен оның әйелін қатігездігі үшін айыптап, тұтқындады.

Төрт күнде бір жапырақ нан жеген: Інісі туған әпкесін 2 жыл бойы тар бөлмеде қамап ұстаған

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау