Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалидің журналистерге арнаған жауап-бейнебаяны жарыққа шықты (видео)

Таяуда ғана Төреғали Төреәлі желідегі парақшасында жаңа туындының үзіндісін жариялап, жұртты қызықтырып қойған-ды. Қысқаша бейне-роликте әнші өзі туралы жаңалықтарды теледидардан тамашалап, ақырында өшіріп тастаған еді. Аталған видеоны көрген бір топ тыңдарман Төреғали фильм түсіріп жатыр деп те болжады.

Алайда Төрештің кезекті туындысы толықметражды фильм емес, “Шаруам жоқ” әніне түсірілген бейнебаян болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz.

Күні кеше “Той думан” арнасының YouTube-тегі парақшасында жаңа бейнебаян жарияланды.

“Əр адам өз өмірінің қожайыны! Демек, өз – өмірің өз қолыңда! Адам əрекетін етуші, Аллаһ берекетін беруші дейді! Тұлпардың да тұяғы сүрінетінін білесіздер! Жақтың да жаңылатынын бастан өткердік! Ешқандай ата-ана баласын жаман болсын деп тəрбиелемейді! Менің тəрбием, менің сана-сезімім! Әкем мен анамның берген тәрбиесінде кеткен ағаттық жоқ ағайын! Қайратым тасып, қарусыз жараласам жастығым деп қабылдаңыздар!

Тілім тиексіз болғанымен, түбім тексіз емес! Тентектігімді тексіздікке теңемеңіздер! Ай жоқ жерде көзге түскен балалығымның шалалығы ғой! Бала Төренің төрелігін берген бауырларында, шала Төренің “ШАРУАСЫ ЖОҚ” ағайын! Жылағанда жұбатып, сүрінгенде сүйеу болған сіздердей тыңдармандарымның барына Аллаға шүкіршілік етемін! Қабырғам қайысқанда да, қанатымды қайырмадыңыздар! Менің өмірім – өнеріммен, өнерім – өміріммен тығыз байланысқан! Сондықтан да, Төрештеріңіздің өнеріне әділ төрелік ететін тек өздеріңіз ғана! Ал әр адамның өз шындығы ішінде, ақиқаты Аллада! Өз ұлым деп өзегімнен теппеген өздеріңіз барда, менің өзгенің өмірінде “Шаруам жоқ” ағайын! Жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды жарыса жариялайтын күндеріміз көп болсын! Баршаңызға Алланың нұры жаусын, рахмет”, – деп түсіндірді Төреғали желіде.

Алайда кей тыңдармандарға халықтан кешірім сұраудың орнына, “шаруам жоқ” деп әндеткен әншінің жаңа туындысы ұнамай қалды. Оны желідегі мына пікірлерден байқауға болады:

Айта кетейік, бұған дейін Төреш желідегі парақшасында аталған әннің мәтінін жариялап, жұртты бір шулатқан еді.

Жіберіп алмаңыз:

Отандық жұлдыздардың мектептегі “күнделігі” жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Төреғали Төреәлі халық арасына шыға бастады (видео)

Жан Ахмадиев: Тұңғышым, туғаныңда анаңмен тастап сені қыдырдым жас қыздармен

Қайрат Нұртас: Мен сені сүйем, Джули!

Талқылау