Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас: Мен сені сүйем, Джули!

Мальдив аралдарында шаңырақ көтергеніне 10 жыл толуын атап өткен Қайрат Нұртас жарына ыстық ықыласын жеткізді.

“10 жыл! Біреуге көп, біреуге аз. Мен үшін он жыл қас-қағым сәтте өтіп кеткен сияқты көрінеді. Жұлдызыммен кеше ғана танысқандаймын. 10 жыл бұрын қалай ғашық болсам, әлі де солай. 10 жыл бұрын сенсіз өмірімді елестете алмасам, қазір сендерсіз өмір сүре алмаймын.

Әрдайым жанымда шыдамдылығыңмен, ақылдылығыңмен, сабырлығыңмен, маxаббатыңмен күш бердің жаным. 10 жыл бұрын армандаған арманыма, жарыма берген уәдемді орындағаныма Аллаға шүкір. Бұл дүниедегі бар байлығым да, бақытым да отбасым. Жаратқан жәннәтқа бірге кіруді нәсіп етсін. Мен сені сүйем, Джули!

Маxаббаттарыңыз мәңгі, сәнді, бақытты болыңыздар!!! Жаратқаннан тілеңіз! Арманыңызға, өзіңізге сеніңіз!”, – дейді әнші парақшасында.

“Он жылдығымызды – Мальдив аралында, теңіздің жағасында, шашыңа ақ гүл қыстырып, ақ көйлекпен, ақ құмның үстінде, кинодағыдай атап өтеміз”, деп ылғи айтушы еді Ақпатшам… Ақпатшам уәдесінде тұрып, бүгін маған тосын-сый жасап, Мальдивіде 10 жылдық тойымызды атап өттік“, – деген болатын әншінің жары.

Желі қолдаунышалары екі жасқа бақыт тілеп, құтты болсын айтып жатыр.

“Бірге қартаюды жазсын.Бақытты болыңыздар!”, “Жарыңызды сүйіп сыйлайтыныңыз Сізге деген құрметімді арттыра түсті”, “Алтын тойға жетіңіздер”, – деп жазады тыңдармандары.

Тағы да оқыңыз:

Ақтауда 21 тұтқынға тосқауыл болған күзетшінің ерлігі жайлы фильм түсірілді

Оғыз Доған: Өзім түрік болсам да, қазақ қыздарының түріксымақтарға тұрмысқа шығуына қарсымын

Мәдина Сәдуақасова аяғы ауыр деп болжағандарға жауап берді

Талқылау