Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалидің «Бір түрлі қыз» бейнебаяны жарық көрді (видео)

Төреғали Төреәлі уәде еткен «Бір түрлі қыз» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауын кесті. Бейнебаянға жас актриса, «Қазақ аруы-2015» байқауының финалисі Әсел Мұстафаева түскен.

Screenshot_2

Актриса расымен де “Бір түрлі қыздың” кейпіне енгісі келген сыңайлы. Оны байқаған желі қолданушылары Төреғалиді де, оның жаңа туындысын да сынға алды.

“Арзан клип”, “Ән жақсы шыққан, бірақ басқа қарапайым қызды алу керек еді, іс-қимылдары ерсі көрінеді”, “Өлең мен клин сәйкес емес”, – дейді Ұла дала баласының жаңа туындысын ұнатпаған тыңдармандар. Есесіне қыздың ән мәтіне сай әрекет жасап жатқанын айтып, Төреғалиді қолдап, қолпаштағандар да баршылық.

Жіберіп алмаңыз: 

Асанәлі Әшімов әріптесінің әрекетін құптамады

Гүлнұр Оразымбетова: Төреғали бала күнінен менің жанкүйерім болған

Серік Ибрагимовтің келіншегінің бетін Төреғали Төреәлі ашты (фото, видео)

Студияда ән салып тұрған Қалаубаева Жолдасовтың темекі шегіп тұрғанын видеоға түсіріп алды (видео)

Талқылау