Гүлнұр Оразымбетова: Төреғали бала күнінен менің жанкүйерім болған

Сейсенбі, 11 Қазан , 2016 16:15

Гүлнұр Оразымбетова Төреғали Төреәлімен жаздырған дуэтінің туу тарихын айтып берді. Айтуынша, ол өзіне жарнама жасау мақсатында Төреғалимен ән айтуды көздеген әншілердің қатарына кірмейді. Тіпті, керісінше, әнші бала күнінде Төреғалидің өзінің жанкүйері болғанын тілге тиек етті.

gulnur toregali

“Компромат” бағдарламасына қонаққа келген Оразымбетоваға журналистердің бірі:

“Төреғалидің әкесі Төреәлі мырза отандық бағдарламалардың бірінде: “Төреғалимен дуэт жазғыштар көбейіп кетті. Олардың көксегені – Төреғалидің арқасында танымал болу” деп айтқан еді. Бұған не дейсіз?” – деп сұрақ қойды. Оразымбетова ондай әншілердің қатарына кірмейтінін айтты.

“Біз негізі дуэтті ол әңгіме шыққанға дейін жаздырғанбыз. Біріншіден, Төреғалиді мен бала күнінен бері білемін. Кішкентайынан менің жанкүйерім болған бала. Байқоңырда бір елдің ауасын жұтып, суын ішкен балалармыз. Кішкентайында мен Байқоңырға концертке барған кезде жүгіріп жүретін Төреғали, кішкентайынан аузы ашылып, пысық болатын. Сол кезде қандай ән жазамыз дегенде ол бірден «Бала махаббат» деген әнді жазайықшы” деді. себебі мәтінінен де түсінікті шығар. Сондықтан кішкентайынан өзінің жүрегінде қалған бір сезімі шығар. Өзінің жақсы көретін, сыйлайтын әншісіне деген, жерлес, туысқан апасына деген құрметі шығар. Сондықтан да Төреғали бірінші кезекте менің інім, бауырым, туысқаным. Қандай жағдай болса да мен оны қорғаймын, қолдаймын. Бір-бірімізге деген жақындық сезімінен туылған ән деп ойлаймын”, – деп жауап берді әнші.

Бағдарлама жүргізушісі Нұрсұлтан Құрманның: “Біраз бұл ән “Алло” сияқты хит бола алмады ғой?” деген сауалына Оразымбетова:

“Біздің мақсатымыз хит жасау болған жоқ. Негізі біздің көптен бері ойдан жүрген ойымыз еді. Керемет хит болып кетпесе де, халықтың арасында таралып кеткен әндердің бірі”, – деді.

Десе де Оразымбетованы қыспаққа алған журналистер Төреәлі мырза жариялаған тізімнен Гүлнұрды да көргендерін айтып, сынады. Әнші “өз көзіммен көрген жоқпын” деп мұны да жоққа шығарған-ды.

Жіберіп алмаңыз: 

Әншінің анасы: Гүлнұрды танымал еткен әуелі Алла, екінші – өмірлік жолдасы

Дәретханаға кезек күтіп тұрған танымал әзілқойдың әні ғаламторды «жарды» (видео)

Серік Ибрагимовтің келіншегінің бетін Төреғали Төреәлі ашты (фото, видео)

Жанна Әбуова алғаш рет «Меломен» тобымен байланысының үзілу себебін түсіндірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар