Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали «Жыл таңдауы-2017» бәйгесінің қулығын әшкереледі

Күні кеше Алматы төрінде «Жыл таңдауы-2017» байқауы өткен еді. Танымал әнші байқауға қатысудан бас тартып, бәйгенің әділ өтпегенін айтты, – деп хабарлайды Stan.kz.

«Жыл таңдауы-2017» байқауына қатысатындар қатарында 91 тобы болғандықтан, Төреғали Төреәлі қатысудан бас тартқан. Ал байқау өткеннен кейін Төреғали Instagram-дағы жеке парақшасында орын алған әділетсіздіктерді атап, өлең жолдарымен жеткізді. Ол байқауда Айнұр Тұрсынбаевамен айтысқа түсіп, жеңіліс тапқан Дидар Қамиевке өлең жолдарын арнаған екен.

«Бәйгені бермей жүйрік-тұлпарларға,

Жүлдені бермей қыран-сұңқарларға.

Кешегі кешті жасап жүргендердің

Қулығымен болады түлкі алдауға.

Дидарым сен xалықтың таңдауысың

Басқаларын білмеймін кім таңдауда?

Асылым-ау, ғасырдың таңдауы ең ғой

Жылтыңдап нәғіп жүрсің жыл таңдауда?!», – деп жазды әнші.

Өз кезегінде әншінің желідегі оқырмандары да байқаудың әділетсіздігін айтып жатты. Тіпті, айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваны сынағандар да табылды. «Айнұр Тұрсынбаеваның дәурені өтті. Неге ол жүлдені ала береді?» – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Оқи отырыңыз:

Нағима Есентаева ағасына жар іздеп, жеңгесіне қойылатын талаптарды тізіп берді

Баян және Тұрсынғали Алагөзовтердің некелесу рәсімінен видео жарияланды (видео)

Айдана Меденова сән салонына жасалған шабуылдан кейін көшеге шығуға қорқып жүр

Кеше ғана отбасын құрған Алагөзовтер қонақүйде романтикалық кеш өткізді (фото)

Талқылау