Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдана Меденова сән салонына жасалған шабуылдан кейін көшеге шығуға қорқып жүр

Полициядан пайда жоқ! Күні кеше әлеуметтік желіде сұлулық салонын талқандаған бейтаныс жандардың видеосын жүктеп, оқырмандарынан көмек сұраған Айдана Меденова, әзірге тәртіп сақшыларының әрекетінен түк шықпағанына ашулы. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген әнші, болған оқиғаның мән-жайын толығымен баяндап берді.

«Бұл оқиға 2-ші желтоқсан күні, сағат 23:20-да болған. Бейтаныс біреулер біздің сұлулық салонға келіп, барлығын бұзып, қастандық жасап кеткен. Енді барлығы видеода көрініп тұр. Түрлері де көрініп тұр. Білмеймін не істеп қойғанымды оларға? Осы уақытқа дейін ешкіммен ерегесіп, жанжалдасқан адамдарымыз болған емес. Тіпті, кімнен күдіктенерімді де білмеймін», – дейді Айдана.

Бүгінде бикештің бизнесіне залал келтіргендер әлі күнге дейін табылмай жатқан көрінеді. Бейнетаспада бет-жүзі анық көрінгенімен, қаскөйлер ізін суытып үлгерген.

«Менің инста-парақшама салғандағы мақсатым, ол адамдарды барлығы білсін дедім. Дұрыс емес әрекет жасағанын түсінсе екен. Мүмкін өзін танып келетін шығар. Мүмкін кешірім де сұрайтын шығар. Күтіп отырмыз. Ұяты болуы керек қой. Полицияға айттық, арыз жаздық. Бірақ, түрі көрініп тұрса да таба алмай жатырмыз», – дейді Айдана Меденова.

Бұл оқиғаны желіге жариялағаны сол еді, Меденоваға кереғар пікір білдіріп, әншінің өзіне кінә артқандардың қарасы көбейген.

«Кейбіреулер айтып жатыр, мүмкін сіздер біреуге қарыз шығарсыздар деп. Мүмкін жанкүйерлерің шығар дейді. Жоқ, ол видеода көрініп тұр. Арақ ішіп алған, мас адамдар. Мас болса да, олай жасауға болмайды. Дәл қазіргі таңда шығынды есептеп жатырмыз», – дейді Меденова.

Бүгінде Айдананың әр күні үрейге толы. Тіпті, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылғанын айтады. Өйткені, қастандық жасағандар, жеке басыма қауіп төндіруі мүмкін деп отыр. Сондықтан, сыртқа шықса, жанына ет-жақындарын ертіп жүруді әдетке айналдырған-ды.

«Қазір далада жалғыз жүрмейтін болдым. Өйткені бойымды қорқыныш билей бастағандай. Мүмкін менің басымды жарып кетететін шығар деп қорқамын. Біздің кафельдердің быт-шытын шығарған адамдардан менің ойымша бәрін күтуге болады», – дейді ашуға булыққан әнші.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Тоқтар Серіков “Жыл таңдауына” шақырылған түрік актерін танымайтынын айтып ұялтып тастады

Ерке: Желіде Ерке, теледидарда Ерке, тойда мен халық жалығып кетеді ме деп қорқам

Асылхан “қайырымдылық жасап мақтанды” деп сынағандарға жауап берді

 

Талқылау