Төреғали Төреәліге ерекше автокөлік нөмірі сыйға тартылды (видео)
Төреғали Төреәлі Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» бағдарламасының эфиріне велосипедпен кіріп келді. Ал тележүргізуші әншіге ерекше автокөлік нөмірін сыйға тартты. Нөмірде әншінің символына айналған атауды білдіретін “ҰДБ” (“Ұлы дала баласы”) әріптері таңбаланған.

Жанкүйері Төреғали Төреәліге Қайрат Нұртастың барлық іс-әрекетін қайталайды деп айып тақты. Ендігілері Ұлы дала баласына не істесе де жарасатынын айтып жатты.
«Велосипедпен шыққаны несі?», «Атқа мініп шықпадыңыз ба?», «Велик аяғыңда тозсын, осымен барлық қаланы аралап концертіңді беріп жүре бер», – дейді желі оқырмандары.
Естеріңізде болса, әншінің тележүргізушіге өз үстіндегі костюмін кигізіп кеткенін, ал болашақта ат мінгізуге уәде еткенін жазған болатынбыз.
Жіберіп алмаңыз:
Роза Рымбаева соңғы 25 жылда барлық туысқанын қалаға көшіріп, жұмысқа орналастырған
Қырғыз әншісі Абай Бегейдің танымал әнін ұрлап алды (видео)
Ирина Тен, тележүргізуші: Қазақ отбасына келін болуға дайынмын
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды