Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз әншісі Абай Бегейдің танымал әнін ұрлап алды (видео)

Абай Бегей өзін танымал еткен «Аспанға қараймын» әнін ұрлап алған қырғыз әріптесіне ренжулі. Әншінің айтуынша, көршілес елдің азаматы одан рұқсат сұрамаған, деп хабарлайды Stan.kz.

бегей_11

Қырқызстандық әнші Мирзат Дөөтқұлов аталмыш әнді қырғыз тілінде («Асманды қараймын») айтып, тіпті, бейнебаян түсіріп алған. Қырғыз әншісінің бұл қылығы Бегейдің ашуына тиген сыңайлы.

«Қырғыз ағайындар «Асманды қараймын». Рұқсат сұрау жоқ бірақ», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Желі оқырмандары әншінің әрі қарай қандай әрекетке баратынын сұрады. Кейбіреулер қазақ әншілерінің де қырғыз әндерін орындап жүргенін алға тартып, әншіні сабасына түсірмек болды.

«Қазақ-қырғыз бір туған, өзбектерді кім туған, айта берсін», «Қайраттың өзі қырғыздың қанша әнін орындады, олар сіздің әніңізді орындаса мәртебе емес пе?», «Өздеріңіз де солардан рұқсатсыз аласыздар. Дұрыс істеген», «Айта берсін, бірақ сіз сияқты айта алмайды», – дейді олар.

Десе де, аталмыш ән көршілес елде аса танымал емес сыңайлы. YouTube желісіне 2015 жылдың мамыр айында жүктелген туындыны небәрі мыңнан аса көрермен тамашалаған.

Жіберіп алмаңыз:

Мөлдір Мұқанова өзін Тұрсынбектің ақшасын шашып жүр дегендерге жауап берді

Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиев орыс тілінде ән айтты (видео)

Қайрат Нұртастың анасы: “Өкініш” – түнімен жазылып таңертең түсіріле салған фильм

Танымал пародист Аманғали Сыпабеков үйленді (фото, видео)

Талқылау