Мөлдір Мұқанова өзін Тұрсынбектің ақшасын шашып жүр дегендерге жауап берді

Дүйсенбі, 21 Қараша , 2016 15:59

Мөлдір Мұқанова күздің алғашқы айында өнер мектебін ашты. Желі қолданушыларының бірі оны құттықтаса, екіншілері “Тұрсынбектің ақшасын қайда шашарын білмей жүр” деп сыни пікір білдірді. Десе де, Қабатовтың келіншегі кез келген жағдайда ақшаны үнемдей алатынын айтып отыр.

14295534_1094554523967889_6211485233661870080_n

Фото: instagram.com/moldir.mt/?hl=ru

Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.

Табысты еркектердің әйелі екіге бөлінеді. Бірі – күйеуін сол табысқа жеткізетіндер, екіншілері – сол жетістігін тиімді пайдалануға тырысатындар. Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі өзін екіншілердің қатарына жатқызатынын айтты. “Көбісі мені сол дайын тұрған жетістігін пайдаланып жатыр деп ойлайды. Атағына, байлығы мен қызметіне қызықты дейтіндер де бар. Әрине, күйеуімді осы дәрежеге жеткіздім деп айтқаным ұят. Мақтанып, артық кетіп қалғаным болар. Сол себепті, өзімді екінші нұсқадағы әйелдер қатарына жатқызамын”, – дейді ол.

Мөлдір мен Тұрсынбек талай қиын жағдайларды артта қалдырды. Бір кездері күрте жамылып, шәйнекті несиеге алған кездері де болған екен. “Сол несиені алудың өзі үлкен той болатын. Ол уақытта несие алсаң, тегін алып жатқандай мәз боласың. 1 500 теңгенің затын үйге әкеліп, екеуіміз бір-бірімізге емес, сол шәйнектің көзіне қарап отырып шай іштік. Ал тұрып жатқан жатақханамыз хан сарайындай көрінетін. Барынша таза әрі әдемі етіп ұстауға тырыстық. Кішкентай бөлмемізде үлкен махаббатпен өмір сүрдік. Бұл қиын күндерде біз жылаған жоқпыз, керісінше қазір оны еске алып күліп аламыз. Сол қиын жылдар болмаса, қазіргі уақыттың құнын түсінбейтін едік. Бәлкім, бір-бірімізге деген махаббат та сөніп қалар ма еді?

Еңбегің сіңіп жеткен бақыттың орны бөлек. Оның сөзбен жеткізіп айта да, түсіндіре де алмайсың. Ол кезде Тұрсынбектің жалақысы 7 000 теңге болды. Ал мен студентпін. Ақылы оқуда оқыдым. Жылына 70 000 теңге төлеуіміз керек болды. Сол оқуымның ақшасын Тұрсынбек өзі бөліп төлеп, 7 000 жалақысымен реттеп отырды. Жатақханада аз ғана жалақымен өмір сүрсек те, ауылға ақша жіберіп тұруымыз керек болды. Ауылға ақша жіберіп тұруды өзімізге міндет қылдық. Ауылдағы кісілер ренжіп, “Сендер неге бізге көмектеспейсіңдер? Сұраған уақытта неге жібермейсіңдер?” деген кездері болды. Сонда үшінші қабатта тұратын Гауһар ханым пайыздық үстемемен ақша беретін. Сол кісіге жүгіріп барып қарыз сұраймын. Ер адам барып тұрғаны ұят. Ал әйел адамға жарасады.

– Тұрсынбек екеуіңнің ақша үшін ұрысқан кездерің болды ма?

– Ақша үшін тек алғашқы жылдары болған шығар. Бірақ бізде үлкен ұрыс ешуақытта болмаған.

– Сен Тұрсынбекті үй шаруасына жолатпайды екенсің. Сол рас  а?

– Иә, ол дұрыс емес. Ол – қазаққа тән емес. Қандай ұлт болса да, ер адамның үй шаруасына кірігіп, ас бөлмесінде жүруіне 100% қарсымын. Тіпті, қоқыс шығаруына да қарсымын. Танымал немесе президент болуы шарт емес. Күзетші, көше сыпырушы, жүргізуші болса да, ол сенің күйеуің. Ер адамның миына бір бағдарламаны сіңдіріп қойсаң, ол байқамай сол бағдарламаны орындап жүре береді. Мұны өзі де байқамай қалуы мүмкін. Ал ер адамды бос жіберіп, тамағын дайындап, бала-шағаңды қарайлап, үйді таза ұстап, өзіңді ретке келтіріп отырсаң, үй ішінде береке болса, ешнәрсеге алаңдамаса, ол жұмысында өседі. Бұл тек менің ойым. Менімен келіспейтін келіншектер болуы мүмкін. Осы сөздеріммен отбасылардың шырқын бұзып жатсам, олардан кешірім сұраймын.

– Тұрсынбекті алғаш көргенің есіңде ме?

– Иә, есімде. Бірақ оған бірден ғашық болған жоқпын. Еркебұлан деген группаласым оның мені сырттай ұнатып жүргенін айтты. “КВН-де ойнайды, 2030 деген әзілі бар” деп мақтап жатыр. Мен “Тез сөйлей беретін жігіт пе? Ол маған мүлдем ұнамайды” дедім. Қыз бала өзін біреудің сырттай ұнатып жүргенін білген кезде, көзқарасы мен жүрісі өзгере бастайды. Өзімшіл бір мінез пайда болады. Ол сондай романтик. Қызға қалай ұнау керек, қалай сөйлесу керектігін жасқы біледі. Оның барлығының жүрегін жаулап алатындай бір мінезі бар. Жүріп жүрген кезімізде бижутерияны ұнаттым. Оның қанша тұратынын білмейін. Қазіргі қыздарға қарап отырсаң, талаптары көзді бақырайтады. Астында көлігі, қолында айфоны болуы керек. Ал біз балалардың саябағына баратынбыз. Бір барғанда аттракционға 10 билет алады. Кейін сол билеттердің ақшасын қарызға алып жүргенін білдім. Сөздің ашығын айтсам, мені осылай жаулап алды.

14565151_1147759061967655_1548452864030932992_n

– Тұрсынбекке тұрмысқа шығуға көп адам қарсы болыпты. Неліктен?

– Иә, ондай уақыт бізде болды. Жанашыр мұғалімдерім “Ол сенің ортаң емес. Сен ЖОО-да білім алып жатырсың, жуырда қызыл диплом аласың, өзің әдемісің, оған тұрмысқа шықпа” деп айтатын. “Жақсы, түсіндім” деймін де кабинеттен шығып кетемін. Жақын жерде Тұрсынбек күтіп тұрады. Екеуіміз қолұстасып кетеміз. Мені тоқтату мүмкін емес болды. Көз алдымда Тұрсынбек қана тұрды. Бұл махаббаттың әсері. Маған оның тектілігі, ауылдағы үйі, жағдайы, жұмысы, дипломы, қалтасындағы ақшасы маңызды болмады.

Өзімнен үш жас үлкен Айгүл деген апайым “Шықпа! Ол – өнер адамы. Ол болашақта не ішетін болады, не қыдыратын болады. Өзің қиналып қаласың” деп айтқан болатын. Сонда жылап отырып “Әлі көресіңдер! Ол болашақта жұлдыз болады. Перекресток секілді танымал телехикаяларда ойнайды. Оны көгілдір экраннан көріп, бәріміз мақтанатын боламыз” деймін. Бізде кәдімгідей алып қашу рәсімі болды. Мен үйден қашып кеттім. Тұрсынбек ол уақытта сәл қызғаншақтау болды. Мені басқа біреулер алып қашып кетеді деп қорықты. 1,5 жыл қыз-жігіт болып жүрген соң, мен ауылға қайттым.

Екі пакет тамағымды алып беріп, Тұрсынбек пойызға шығарып салды. Ұзақ уақыт пойыздың соңынан жүгірді. Қасымдағы кісілерден ұялып отырмын. Олар Тұрсынбекті танымайды, бірақ жігітім екенін біледі. Бір шетінен пойыздың астына түсіп кетпесе екен деп “Қал, қал” деп қоямын. Таңертең ұйқыдан оятады. Қазір рахат қой. Біздің заманымызда біреуге хабарласу үшін қазақтелекомға барып, алдын ала 5  минут сөйлесемін деп тапсырыс бересің. Сонда Тұрсынбек ерінбей, үйге қоңырау шалатын. “Ертең келемін. Ешқайда барып жүрген жоқсың ба?” деп мені алып қашып кетеді деп қорықты. Жолдан әр ауылға тоқтаған сайын сөйлесу пунктін тауып, маған хабарласады. Осылай асығыс мені алып-қашып кетті. Ауылына жеткенше хабарласып отырды. Бірден тойға бардық.

– “Осы әйел Тұрсынбектің ақшасын қайда жаратарын білмей жүр. Еріккен әйел” дегендерге қалай жауап қайырасың?

– Бұл пікірді парақшамнан өзім де оқыдым. Әлі күнге дейін мен ақшаны үнемдей аламын. Үнемдеу арқылы жағдайыңды жақсарта аласың. Ақшаны қалай болса солай шашпаймын. Шашқанның өзінде де бұған еңбегім сіңді деп айта аламын. Себебі, Тұрсынбек екеуіміз көптеген қиындықтан бірге өттік.

– Тұрсынбектің сізге жасаған ең қымбат сыйлығы қандай?

– 2016 жылдың қаңтар айында ол маған Лексус маркалы көлік сыйлады. Екеуіміз алдын ала ақылдастық. Әбден қиналдым. Оған сыйлыққа бола көп ақша жұмсатқым келмеді. Бірақ кейін ақылдаса келе, сол көлікті алып берді.

– Тұрсынбек тоқал аламын десе, бұл шешімін қалай қабылдайсыз?

– Жоқ, мен қарсымын. Мен әдемі, күшті, сүйкімді күйеуімді ешкіммен бөлісе алмаймын. Көнбеймін. Өте қызғаншақ адаммын. Оның үстіне Тұрсынбек олай айтпайды маған. Мен ондайға көнбейтін адаммын.

– Тұрсынбектің көзін үлкейту үшін қабағына пластикалық ота жасатқаны рас па?

– Бұл сұрағыңыз маған ұнап отыр. Сонда соңғы кезде Тұрсынбектің көзі үлкейген бе? Жалпы Тұрсынбек дәрігерден қорқатын адам. Оның тісінің арасы ашық екенін байқаған шығарсыздар. Ол соны жөндетуге қорқып жүр. Мен одан дәрігерге баруын жалынып тұрып сұраймын. “Қорқамын” деп бармай келеді.

– Иманғали Тасмағамбетовпен көрші тұратындарыңыз рас па?

– Ол кісімен көрші тұру арман ғой. Әрине, бізге мұндай күннің бұйыруын тілеймін. Бірақ ол кісі бізбен көрші тұрмайды. Өнер адамдарының ішінен Қыдырәлі, Қарақат ханыммен қатар тұрамыз.

14607096_373007133039612_4072807595763564544_n

– Тұрсынбекпен соңғы рет не үшін ұрыстыңдар?

– Сіздерге мінсіз адам болып көрінбей-ақ қояйын. Есіме түсіргім келіп отыр. Біз кеше ғана ренжістік. Ол мені Алматыға жібергісі келмеді. “Осы түсірілімге бармайсың” деді. Себебі, ол менің әрдайым үйде отырып жұмысқа шығарып салып, қарсы алғаныма, балаларымызды балабақша мен мектепке тасып жүруіме үйренген. Әрине, қосымша жұмыс ашып, қызметте жүргеніме қуанады. Бірақ басқа қалаға барғанымды жақтырмайды. Сөздің ашығын айтсам, бүгіндікке хабарласпады. Ол қазір ашуланып отыр. Оны бері қаратқандай болып едім. “Иә, жақсы” деп келіскен еді. Кеше телефонды қоя салды. Содан кейін сөйлеспедім. “Рұқсат етіп едің ғой” деп жаздым. “Жақсы” деген бір жазу келді.

– Тұрсынбек әзіл адамы. Оның сені кекетіп, ренжіткен кезі болды ма?

– Иә, болды. Бір рет достарымен отырған кезде, олар маған қыз болып хабарласты. “Мен Тұрсынбектің әйелі бар екенін білмеппін” деген секілді айтты. Содан кейін екеуіміз біраз сөйлестік. Трубканы бірде Тұрсынбектің өзі алып, “Шолли, мен ғой” деді. Сол сәтте телефонды қоя салып, қатты ашуланған едім.

– Сізді Тұрсынбектің анасына жақсы-жақсы сыйлықтар тарту етеді деп естимін. Марқұм анаңыз тірі болса, оған не сыйлар едіңіз?

– Тұрсынбекке күйеуге шығып, үлкен жол жүріп бара жатқан кезде бұл туралы айтқанмын. Тұрсынбектің жоқ дегенде бір он шақты күн менің анаммен таныс болып, бірге шай ішкендерін қалайтын едім. Себебі, мінездері қатты ұқсайды. Екеуі де шайқор. Таңға дейін әңгімелесіп отырып шай ішкенді ұнатады. Анам 45 жасында, мен 13 жаста болған кезде қайтыс болды. Мен бәрінен қатты жақсы көріп, ақ лағым деп еркелететін.


Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева намысына тіл тигізген желі оқырманын сотқа бермек (фото)

Түсіпбаева: Дизайнерлер біреудің тапсырысымен мені «талғамсыз әнші» деп атаған

Қайрат Нұртастың анасы: “Өкініш” – түнімен жазылып таңертең түсіріле салған фильм

Сәкен Майғазиев 10 жыл бойы Мейрамбектен жасырған сырын бөлісті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
13 күні 11 сағат кері

Өнерлі адамдардың алдыңғы тістерінің арасы ашық. Мысалы Киркоров Пугачева. Меніңше бітеудің қажеті жоқ.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар