Төреғали Төреәлі халық арасына шыға бастады (видео)
Павлодардағы даулы концерттен кейін Төреғали Төреәлі журналистерге сұхбат беруден бас тартып келеді. Сондай-ақ, әнші желіде ара-тұра пост жазатыны болмаса, ондағы оқырмандарымен де тілдесуден қалған. Міне, арада екі ай өткен соң, әнші халық арасына қайта шыға бастады, деп хабарлайды Stan.kz.

Санаулы минуттар бұрын Төреғали желідегі парақшасына қазіргі тіршілігінен видео жариялады. Бейнежазбада әнші гүл сатушыларымен суретке түсуде. Қанша жағымсыз сөзге қалса да, бейнежазбадан халықтың әлі де Төрешті жақсы көретінін аңғармау мүмкін емес.
Желідегілер тоқтай қалып, қарапайым халықпен суретке түскен Төреғалидің әрекетіне риза болды.
“Сені бәрібір халық жақсы көреді, сыйлайды”, “Өзгеріпті”, “Енді тағы шалыс баспа бауырым”, “Халықты аралап, есіңді жинағаның дұрыс болды”, – деп пікір білдірді олар.
Жіберіп алмаңыз:
Этикеткасы алынбаған көйлекпен эфирге шыққан Аша Матай ұятқа қалды (видео)
Мөлдір Әуелбекова Баян Мақсатқызымен болған даудың нүктесін қойды
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"