Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кешірмесеңіз, қайта шығарып жіберемін: Төреғали павлодарлық қариядан кешірім сұрады (видео)

Павлодардағы концерттен кейін Төреғали Төреәлінің басына қара бұлт үйірілді. Халық бірнеше ай бойы әншінің әрекетін қызу талқыға салып, қатаң сынға алды. Одан бері Төреш елден бірнеше мәрте кешірім сұрағанымен, оны сынаушылар қатары азайған жоқ.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазіргі уақытта гастрөлдетіп жүрген ол ән кештерінің бірінде сахналық көрініс ұйымдастырып, өзі ренжіткен қариядан кешірім сұрады. Алайда сахнаға шыққан азамат Төреғали залдан қуып шыққан қарияның өзі емес, тек оның рөлін сомдаушы актер ғана.

Бұған дейін Төреғали кешірім сұрау үшін павлодарлық қарияны бірнеше мәрте іздегенін айтқан еді. Мына қылығына қарап, жұрт Төреғали ол кісіні таппағандықтан, осылайша ел алдында кешірім сұрағысы келді деп топшылады.

Жіберіп алмаңыз: 

Гүлзира Айдарбекова немерелерінің концертке қалай дайындалып жатқанын көрсетті (видео)

Ақтаулық бойжеткен «Қазақ аруы» атанды (фото)

Махаббат бойға қарамайды: Әнші Азамат Есеевпен танысуды армандайтын қыздар оған маза бермей жүр

Төреғали Төреәлі: Қазақ тілінде сөйлеу – міндетім

Талқылау