Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Еркеден ән арқылы “кешірім сұрады”

Төреғали Төреәлінің соңғы туындысын естіген жұрт “Әнші Ерке Есмаханнан ән арқылы кешірім сұрады” деп шулап жатыр. Көпшілік әншінің бұл әрекетін қоштап, жылы лебіздерін білдірді. Десе де, бұл әннің нақты кімге арналғаны әзірге белгісіз.

19228757_1548854515178204_1290811446824796160_n

Сурет: Төреғали Төреәлінің жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Төреғали Төреәлі инстаграм желісіндегі парақшасында “Ерке қыз кешір” атты жаңа әнін бөлісті. Аталған туындының атына қарап көпшілік оны Ерке Есмаханға арналды деген пікірді ұстануда. Еркенің өзі де аталған әнді бөлісіп, тұсына “Кешірдім…” деп жазып қойыпты.

Желі қолданушыларының аталған әнге қатысты пікірлерге екіге бөлінді. Бірі мұны пиарға баласа, екіншілері, расымен де, Ерке Есмаханға арналғанына сенімді. Арасында әнді жоғары бағалап, әншіге жылы лебізін білдіргендер болды.

пир

“Қазақтың жігіттері осындай болуы керек! Қыз баланы сыйлап тұрса, қандай керемет!”, “Ерке, енді мына халыққа не болғанын, әннің кімге арналғанын, не үшін шыққанын жазып жібер. Бейшара халық жүректерін бассын”, “Әлемде жалғыз Ерке өмір сүріп жатыр ма?”, “Міне нағыз жігіт”, “Өнерде деп тұр ғой. Өнерде тағы басқа Ерке бар ма еді? Ерке Есмаханға арнап шығарған шығар?!”, “Еркеге арналмаған бұл ән”, “Ерке мен Төреғали жақсы жұп. Екеуі әнді керемет айтады. Ерке өте сұлу қыз. Даусы да жақсы” деп жазады Ерке Есмаханның оқырмандары.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” жырының негізінде фильм түсіріп жатыр

Актер Владимир Толоконниковтың өлімінің себебі анықталды

Нұртас Адамбай Қазақстаннан кеткісі келетіндер жайлы айтты

Құдайберген Бекіш ұлымен қосылып фильм түсірмек

Талқылау