Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали биыл төртінші рет балалы болуы мүмкін

Белгілі нумеролог атышулы әнші Төреғали Төреәлінің өміріне болжам жасады. Құралай Бақытқызының сөзіне сенсек, жақында өнерпаздың отбасы тағы бір жанмен толығуы мүмкін.

Төреғали Төреәлі

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Жұмысын ауыстырады не болмаса қала ауыстыруы мүмкін бұл кісі. Іс-сапарда көп жүреді. Алдағы жыл балалы болуға өте жақсы жыл. Бұл адамның цифрлары бойынша әлі де баласы көбірек болуы керек”, – дейді Құралай Бақытқызы.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі – үш қыздың әкесі. 2014 жылы шаңырақ көтерген әнші үш жылға жуық өзінің отбасы барын жасырды. Тек 2017 жылдың қазан айында үйлену тойын жасап, көпшілікке жарын көрсетті. Бұл кезде Төреғалидің Томирис және Тоғжан есімді қос қызы бар еді. Ал 2018 жылы хитменнің Фатима есімді үшінші қызы өмірге келді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау