Тони Блэр Қазақстан Үкіметіне кеңесші болудан бас тартты

Сәрсенбі, 21 Қыркүйек , 2016 22:22

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі өзі құрған консолтингтік компаниясын таратып, қыруар пайда әкеліп отырған бизнесін жаппақшы. Сондықтан бірқатар мемлекеттермен жасаған келісім-шартын дереу үзіп жатыр. Бұлардың арасында Қазақстан да бар, – деп хабарлайды КТК арнасы.

2016-07-04-11-31-29162953

Әлемдегі ең ықпалды саясаткер Қазақстанмен 5 жылдай жұмыс істеген. Дәлірек айтқанда, біздің Үкіметке ауқымды саяси-әлеуметтік реформалар жүргізу жөнінде кеңес беріп келген болатын. Блэр бастаған сарапшылардың ел экономикасын алға жылжытуға қандай құнды ақыл бергені белгісіз.

Дегенмен, құны қымбат саясаткер өз қызметі үшін Қазақстаннан жылына кемі 6 миллион доллар жалақы алды. Бизнесін жапқан экс-премьері енді тапқан таянғанын қайырымдылық жобаларына салмақшы. Тақтан түскен соң Тони Блэр мұнайға бай елдерінің басшыларына жалданып экономикалық реформалар жасауға көмектескенін айта кетейік. Британияның бұрынғы премьері кезінде Ливия көсемі Муаммар Каддафидің де кеңесшісі болған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар