Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Толқын Забирова ұлын халықаралық байқауға дайындауда

Өзгенің баласына ұстаз болып үйренген әнші Толқын Забирова енді өз ұлын өнер бәйгесіне қоспақ. Әншінің ұлы Диар қазіргі таңда республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларға дайындалуда.

забирова_1

Алайда Забирова Диардың нақты қандай сайыстарда бой көрсететінін ашып айтпады. Ол үшін алдымен нәтиже болуы керек дейді ұстаз-ана.

Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

«Менің ізбасарым, өнер жолын қуып келе жатқан балам К.Байсейітова атындағы мектепте фортепиано аспабын меңгеріп жүр. Көптеген жаңалықтарымыз, жетістіктеріміз бар. Бірақ оларды айту үшін алдымен оның нәтижесін көруіміз керек. Республикалық, халықаралық конкурстардың барлығы алда. Сондықтан қазір ол да мен сияқты дайындық үстінде, жұмыс үстінде. Алдын ала айтпай-ақ қояйын, нәтижесі шыққан кезде оны өздеріңіз білесіздер», – деді Забирова.

Жіберіп алмаңыз:

Олар көзтартарлықтай сұлу: 12 қазақстандық жұлдыздың жүктілік кезі

Асхат Садырбай Ерке Есмаханға жауап берді: Әркімнің өз ақиқаты бар

Майғазиев пен оның жұбайының ортасына тұрып алған Ахмадиева сынға қалды

Эстрада жұлдыздары Жан Ахмадиевтің бейәдеп қылығына байланысты пікір білдірді

Талқылау