Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Толғағы қысқан әйелді тасыған жедел-жәрдем көлігіне джип иесі жол бермей қойды (видео)

Алматыда жедел жәрдем көлігін, шұғыл жағдайда жол бермеген Toyota Land Cruizer көлігіне айыппұл салынды, дейді қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

20160808102749

Естеріңізде болса, осы оқиғаны бейнетаспаға түсіріп, Facebook желісінде №3 қалалық жедел жәрдем станциасының фельдшері Майра Қуанышбаева салған болатын.

Бейнетаспада мемлекеттік номері 111 vip 02  Toyota Land Cruizer автокөлігі, Райымбек даңғылы бойында жедел жәрдем көлігінің асыққан немесе шұғыл деген дабыл қаққышына ешқандай мән берместен жол бермей жүре берген. Осы кезде жедел жәрдем көлігінің ішіндегі аяғы ауыр келіншекті №1 ауруханаға шұғыл жеткізу керек болған.  Міне,  осындай тәртіп бұзушылықтарды  жазалауын өтініп жазады фельдшер.

Белгілі болғандай қалалық мекемелердің біріне тиесілі Toyota Land Cruizer автокөлігінің жүргізушісі өз кінәсін мойындаған. Оған ҚР автокөлік заңдарында көзделген «Жедел жәрдем көлігін немесе кез келген дабыл қаққышы бар арнайы қызметтегі автокөліктерді жібермеуі» туралы заңға сәйкес,  әкімшілік айыппұл салынды делінген қалалық ІІД баспасөзінде.

Ал фельдшер Майра Қуанышбаева: «Бізде мұндай жағдайлар бірінші рет емес. Кейбір жағдайларда жол бермей, бізбен бірге асығып немесе жарысып жүретін жүргізушілер де кездеседі. Ал, кейде шұғыл жағдайда біз дабылқаққышымызды қосып келсек, автокөлігіміздің соңынан еріп, діттеген жеріне жылдам жету үшін осындай қитұрқы әрекеттерге баратын жүргізушілер де бар», – дейді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген Infiniti жүргізушісіне айыппұл салынды

ОҚО-да “жедел жәрдеммен” демалысқа шыққан дәрігерлер қызметінен қуылды

Талқылау