Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төлешевтің жасырын қару-жарақ қоймасы (ФОТО)

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында шымкенттік кәсіпкер Тохтар Төлешевтің жасырын қоймасында болған қару-жарақтың фотолары жарияланды. Айта кетейік, тергеу материалдарына сәйкес, Т.Төлешев билікті күшпен басып алып, ел тізгінін өз қолына, ал сыбайластарына «кресло» беруді көздеген,- деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

толешов3

Тергеу кезінде Төлешевтің өз қарамағындағы күзет фирмасы негізінде қарулы жасақ құрғаны анықталды. Аталған топ оның барлық тапсымаларын орындап отырған.

Төлешевтің қарамағында 90 сарбаз болды деген мәлімет бар. Аталған топты ол бас кезінде «Смерш» фирмасы ретінде тіркесе, артынан «Вымпелгрупп» деп күзет фирмасы деп ашқан.

толешов1

Осы іске қатысы бар Бас прокурордың бұрынғы орынбасары Ильяс Бақтыбаев пен Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің экс-басшысы Хибратулла Досқалиев шымкенттік кәсіпкердің билікті басып алу мен жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға қатысты жоспарларын қолдағаны үшін мемлекеттік төңкерістен кейін Жоғарғы сот төрағасы мен ішкі істер министрі қызметтеріне қойылады деген жоспар болған.

толешов2

“Жаппай тәртіпсіздіктер мен акциялардың аясында ол қазіргі билікке ультиматум қойып, өзі үшін вице-президент қызметін енгізуді талап етемін деп ойлаған. Артынан мемлекетті басқарып кетуді жоспарлады”, – дейді Карасев.

толешов

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қамауға алынған шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешевке қатысты қылмыстық істің аяқталғанын мәлімдеді. Комитеттің мәліметіне сәйкес, аталған қылмыстық іске 25 күдікті және 300 адам куәгер ретінде тартылып отыр. Тергеу барысында Төлешевтің бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар екеніндігі анықталды.

Талқылау