Тоқтар Серіков: Дүниеде сатқындарды қатты жек көремін
Сәкен Майғазиев те, Тоқтар Серіков те жақындарына ақшаға байланысты көп алданған екен. Бірінің атынан достары несие алса, екіншісіне қарызын қайтармай кеткен. Десе де, қос әнші оларға кешіріммен қарайтындарын айтып жатыр. Бірақ, Тоқтар Серіков бүгінде сатқындарды қатты жек көретінін жасырмады.
Фото: Тоқтар Серіковтың жеке архивінен
Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.
“Сатқын деген – адам баласы үшін ең үлкен күнә. Оның бірнеше түрі бар. Достың досты сатуы, қыз бен жігіттің арасындағы махаббатты кірлетіп сату, Отанды сату және т.б. Достар арасындағы сатқындық адам баласының жүрегіне мәңгілік сызат қалдырады. Қанша ұмытуға тырыссаң да, жадыңнан шықпайды. Осындай сатқындық кезінде менің басымнан өткен. Бірақ, достарымды күнәға қимайтындақтан, оларды сатқындар деп атай алмаймын.
Дүниеде сатқын адамдарды қатты жек көремін. Қарызға ақша алып, бермей кеткендер де бар. Бірақ, мұны сатқындыққа жатқызуға болмайды. Сол себепті, көп адамға алдана қойған жоқпын деп ойлаймын. Оларға кешіріммен қараймын. Себебі, мен де біреуден ақша алып, бере алмай жүрген кездерім болды. Қолында болып, асып төгіліп жатса, олар қарыздарын қайтаратын еді”, – дейді Тоқтар Серіков.
Жіберіп алмаңыз:
Сәкен Майғазиев өзінің атынан несие алып сатқындық жасаған досы туралы айтты
Ерке Есмахан ұлын шемішке жарнамасына түсірді (фото)
Тыңдармандары Өмірқұл Айниязовтың келіншегінің ән салғанын естіп таңдай қақты (видео)
Майғазиев сапардан оралғанда қыздарының қалай күтіп алатынын айтып жұрттың жүрегін елжіретті