Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар Серіков: Алла берген үш ұлымды халыққа көрсетіп мақтанғым келеді

Тоқтар Серіков желтоқсан айының соңында болатын есеп беру концертінде халыққа үш ұлын таныстырмақ. Алайда отағасының бұл ұсынысына Бейбіт Сейдуалиева қарсы болып отыр. Оның айтуынша, балаларға тіл-көз тиюі мүмкін.

15305891_1205893276145492_5029875950267924480_n

Фото: instagram.com/toktar_beibyt/

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Жыл басында егіздерінің тұсауын кесіп, дүбірлетіп той жасаған жұлдызды жұп балаларының қазір жүгіріп жүргенін айтады. Сол себепті концерт әзірлігіне еркін кіріскен екен.  Дегенмен, үш ұлдың әкесі балаларының тәтті қылығына тоймайтын әдет тапқан.

“Үшеуі де бірінші әкелеріне қарай жүгіреді. Қазір өсіп қалғандықтан, баяғыдағыдай емізілмей қалды, жаялығы ауыстырылмай қалды деген қорқыныш жоқ. Әжептәуір жүгіріп, өздерімен өздері жүр. Ойнап жүрсе де, арасында ана мен әкені іздейді. Үш-төр т сағатқа кетіп қалсақ, баспалдақтың тұсына келіп, “мама, дада” деп айқайлайды. Әзірге осы сөздерді ғана айта алады”, – дейді Бейбіт Сейдуалиева.

Келіншегінің сөздерін Тоқтар Серіков те растады. Оларды әдейілеп еркелететінін де жасырмады.

“Мақтанғаным емес, үш ұлым да мені қатты жақсы көреді. Мен өзім бала жанмын. Оларды қатты еркелетемін. Сенбесеңіздер, үйімізге келіп көріңіздер. Дастарханды шашуға мен ғана рұқсат беремін. Бейбітке бармайды. Үйде қанша кісі отырса да, екі ұлым мені олардың арасынан оңай тауып алады. Сосын кісі отыр деместен, дастарханның быт-шытын шығарамыз. Мені көргенде үшеуі де таласып қалады”, – дейді ол.

Желтоқсан айының соңында қос ғашық есеп беру концертін өткізбек. Олар бір емес, төрт концерт беруді жоспарлап отыр. Аталған концерттің соңында Тоқтар Серіков балаларын алып шығуды жөн көріп отыр. Алайда Бейбіт Сейдуалиева “балаларыма көз тиеді” деген оймен бұл ұсыныстан бас тартқан.

“Мұндай ой бар. Кеше ғана осы ұсынысты әйеліме айтқан едім. Жарым оған қарсы шықты. Екеуі сахнаға шықса, билеп кетеді. Тіл-көзден қорқамыз. Мен шығарамын десем, шығарамын ғой. Ниет етіп отырмын. Себебі, ошақтың үш бұтындай болған, Алла берген ұлдарымды халыққа көрсетіп, мақтанғым келеді”, – дейді Тоқтар Серіков.

Әзірге жұлдызды жұптың қандай шешім қабылдайтыны белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдар бағасы мың доллардан асатын киімін көрсетіп мақтанды

Заттыбек Көпбосынұлы концертінде бірінші рет билеп, жұртты таң қалдырды

Гүлзира Айдарбекова: Мен ботокс салдырып көргенмін

Анасы Қайрат Нұртастың бір кездері казино ойнағанын айтты

Талқылау