Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқмади Әбілязовтың бұйрығымен банкир Тәтішевті өлтіргенін растады

Тараз қаласында 14 жыл бұрын өлтірілген Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты сот отырысы болды. Оның өліміне кінәлі деп танылған Мұратхан Тоқмади де сотқа жеткізілді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі informburo.kz– ке сілтеме жасап.

Тоқмади Әбілязовтың бұйрығымен банкир Тәтішевті өлтіргенін растады

Көктемде Тоқмади бұрынғы банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін 10,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Бүгінде ол куәгерлік беріп және Әбілязовтың бұйрығымен Тәтішевті өлтіргенін тағы да растады.

«Бұл Әбілязовтың тапсырмасы бойынша жасалған қасақана ату болды», – деді Тоқмади.

Ол барлығы Әбілязовты кездестіргеннен кейін басталғанын мойындады. Әбілязов әрдайым Тоқмадиге хабарласып, қаланың түрлі бөліктерінде кездесуге шақырған. Тоқмадидің айтуынша, Әбілязов әрқашан өзін Тәтішевтің алдағанын айтып жүрген, содан кейін банкирге қарсы шабуылға қатысуға ұсыныс жасай бастаған. Содан кейін ол көмек көрсетуден бас тартатын болса, Тоқмадидің өзіне және оның отбасына қатер төндіріп қорқытқан.

«Әбілязов құрылымдардағы жоғары дәрежелі достары арқылы кейбір жағдайларға қатысты қамауға алуды ұйымдастыра аламын деп қорқытты. Ол менің балаларымның қай мектепте оқитынын да білетінін айтты. Мен отбасым, балаларым үшін қорықтым», – деді Мұратхан Тоқмади.

Осындай кездесулердің бірінде Әбілязов Тоқмадиге Тәтішевті нақты қалай жолдан тайдыру керектігін сипаттап берді. Кәсіпкердің сөзіне қарағанда, барлығы аң аулау кезіндегі оқыс жағдайға тірелді.

Ал Әбілязов Тоқмадиге банкирді өлтіргені үшін шыны бизнесін қолдауға уәде берген. Тоқмади Тәтішевті өлтірмес бұрын бірінші өз үлесін алғанын айтты.

«Егер ол бәрі ойдағыдай болса, 4 миллион доллар төлеймін деп уәде берді. Бірақ ешқандай кепілдік болмады. Ол ақша мәселе емес, бәрі жақсы болады деді. 2003 жылдың күзінде ол маған спорттық сөмкемен 2 миллион доллар әкелді. Одан алған ақшаның 180 миллионын несиені төлеуге жұмсадым », – деді Токмади.

Тәтішев пен Тоқмадидің танысуына және араларындағы достықтың басталуына аң аулау ісі себепші болған. Олар жиі аң аулауға шығып, жақын дос болды.

Ержан Тәтішев кезінде Тоқмадиге шыны зауытының бизнес-жобасы мен оның құрылысы үшін несие берген.

Естеріңізде болса, Мұратхан Тоқмади Ержан Тәтішевті атып өлтіргенін тағы мойындаған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау