Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Токиодағы қағаз картоннан жасалған төсектерді қазақстандық спортшылар да көрсетті (видео)

Халықаралық олимпиада комитеті бекіткен Токиодағы қағаз картоннан жасалған төсектерді қазақстандық спортшылар да көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Бәрі төсек туралы айтып жатыр. Иә, шынымен, картон қағаздан жасалған. Қалай ұйықтау керек деп сұрап жатырсыздар. Ұйықтауға болады. Жапондықтар соншалықты топас емес. Төсектің құламауы үшін барлығын өлшеп, дайындаған. Маған ұйықтау ыңғайлы. Кәдімгі төсек, тек картоннан жасалған. Айырмашылық білінбейді. Төсек 200 килограммға дейінгі салмақты көтереді, берік орнатылған. Секірсе құлап қалады деп жатыр. Онымен келіспеймін, төсек мықты бекітілген”, – деді Tik Tok желісінде Олимпиада қатысушысы Ажар Алибаева. 



Сондай-ақ Ресей семсерлесу Федерациясының (ФФР) бірінші вице-президенті Ильгар Мамедов Токиодағы олимпиадалық ауылда қалай тұрып жатқандарын сипаттап берді.

"Бұл ХХІ ғасырдағы Жапония емес. Олимпиадалық ауыл – қазіргі уақыттағы орта ғасыр десек болады. Мен өзім үшін алаңдамаймын, бірақ спортшыларымды аяймын", – дейді жаттықтырушы.

Ол алдыңғы қатысқан сегіз ойында мұндай жағдай болмағанын атап өтті.

Мамедовтың айтуынша, бөлмелер мен жуынатын бөлме тым кішкентай. Бөлмедегі қабырғалар гипсокартоннан жасалған. Тоққа қосатын жерлер ыңғайлы жерде орналаспаған. Интернетке қосылу мүмкін емес. 

Бұған дейін Халықаралық олимпиада комитеті өкілдері картоннан жасалған кереуеттердің екі адамның салмағын, сондай-ақ кенеттен жасалған қозғалысты көтере алмайтынын айтқан. Пандемиядан әлдеқайда бұрын жасалған төсектер Токиода өтетін ойындарда COVID-19-ға қарсы жасалған амалдардың бірі емес дейді. 

Талқылау