Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Масылдық пен мұқтаждықтың ара-жігін ажырата білуіміз керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарапайым халықтың, әсіресе, жастар жағының терең білім алуға, адал еңбек етуге талпыну керек екенін айтты. Семейге іссапармен барған президент сондай-ақ, масылдық пен мұқтаждықтың да ара-жігін ажырата білу керектігін атап өтті, деп жазады Stan.kz.

Тоқаев: Масылдық пен мұқтаждықтың ара-жігін ажырата білуіміз керек

Семейге іссапармен барған президент облыс әкіміне Құнанбайдың есімін ұлықтауға қатысты шаралар атқаруды тапсырды.

"Біз Ұлы Абайды ұлықтағанда, оның әкесі – Құнанбайдың ел тарихындағы еңбегін ұмытпауымыз қажет. Алдағы уақытта облыс әкімдігі Құнанбайдың есімін ұлықтауға байланысты тиісті шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастыруы керек", деді - Тоқаев.

Сонымен қатар, Тоқаев алдымен халықтың, әсіресе, жастартың терең білім алуға, адал еңбек етуге талпынуы керектігін айтты. Сондай-ақ, бүгінгі заманның ең маңызды талабы – мұқтаждық пен масылдықтың ара-жігін ажырата білуде деп, соны бәріміз ажырата білсек жөн болар еді дейді. 

"Тұрақтылық пен татулықты ту еткен мемлекетімізді сақтап, ел дамуына жаңа серпін беруіміз керек",– деді Мемлекет басшысы.

Талқылау