Тоқаев: Ақтөбедегі Ораза айы алдындағы теракт – шектен шыққан арсыздық

Дүйсенбі, 6 Маусым , 2016 11:14

Ақтөбедегі Ораза айы алдындағы теракт – шектен шыққан арсыздықтың көрінісі, деп мәлімдеді ҚР парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.

тоқаеев
«Ақтөбедегі Ораза айы алдындағы теракт – шектен шыққан арсыздық пен қылмыскерлердің қатыгездігінің көрінісі. Оларды жазалау үшін ең қатал шаралар қолданылып жатыр», – деп жазды Қ.Тоқаев Twitter-дегі өз парақшасында.

«Нақтыланған деректер бойынша, қылмыскерлер Астана уақыты бойынша 15:45-те Ақтөбедегі «Паллада» қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, дүкеннің сатушысын және «Жедел Күзет» күзет агенттігінің қызметкерін өлтірген. Бұдан бөлек оқиға орнына келіп жеткен үш полицейге оқ атып, жарақаттаған. «Пантера» атты қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасау кезінде келушілердің бірін өлтіріп, екіншісін жаралаған. Бұл жерге келіп жеткен полиция нарядымен арада атыс болып, үш қылмыскердің көзі жойылды, біреуі қолға түсті.

сорақыыыы
Ұлттық ұлан әскери бөліміне шабуыл жасау үшін содырлар бағдарлық автобусты жүргізуші мен жолаушыларды шығарып жіберіп, басып алған. Кейін автобуспен әскери бөлім дарбазасын соғып кіріп, көзге көрінген адамды ата бастаған. Солайша үш әскери қызметкерді өлтіріп, алтауын жаралаған. Кезекші қарауыл қару қолданып, қылмыскерлердің бетін қайтарған. Оқиға орнына жеткен полиция нарядымен бірлесе олар бір содырды өлтіріп, екіншісін жаралаған және қолға түсірген.

Жалпы, Ақтөбеде антитеррорлық операция кезінде 4 содырдың көзі жойылып, 7-еуі қолға түсті. Оның екеуі жараланған. Қазіргі кезде қалған қылмыскерлерді табу үшін барлық амалдар жасалып жатыр», – деді  Садубаев.

Алдын ала болжам бойынша, шабуылды теріс ағымдағы дін ұстанушылар жасаған. Ақтөбе қаласында антитеррорлық операция режімі жарияланды. Ойын-сауық мекемелерінің жұмысы мен қоғамдық көлік қатынасы тоқтатылды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар