Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев ағылшын тілін 1-сыныптан бастап оқытуды қажет деп есептемейді

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі мектептерде ағылшын тілін оқытуға жеткілікті мамандар жоқ, ең алдымен қазақ және орыс тілдерінің сапалы оқытылуына баса назар аудару керек деп есептейді.

Тоқаев ағылшын тілін 1-сыныптан бастап оқытуды қажет деп есептемейді

Сенат спикері бұл туралы өзінің Твиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталады және оқу жоспары туралы ойлануға жеткілікті уақыт бар. Мысалы, ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап үйрету қаншалықты керек? Бізде осы тілде оқытатын мамандар жеткілікті ме? Тіл саясаты – бұл үлкен мәселе. Ең алдымен, қазақ және орыс тілдеріне баса назар аудару қажет», – деді Сенат Төрағасы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау