Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тірідей көмілген әйел 11 күн бойы табыттан шығуға тырысқан: Ол көз жұмды (видео)

37 жастағы әйелді туыстары өлдіге санап, уақытынан бұрын жерлеген. Алайда жерленгеннен кейін әйел есін жиып, табыттан шығуға тырысқан. Оның жан айқайын 11 күн бойы ешкім естімепті.

Бұл туралы The Sun-ға сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Естіген адамның жанын түршіктіретін оқиға Бразилияның солтүстік-шығысында орын алған. Розангела Алмейда душ Сантуш шегемен қағылған табыттан шығуға тырысқан.

Мазар маңында тұратын жергілікті тұрғындар табыт ішінен адам даусын естіген. Тез арада қажетті органдарға хабар беріп, әйелдің тірідей көмілгенін хабарлаған. Алайда туыстары әйелді құтқаруға кеш қалды. Себебі оның жерленгеніне бақандай 11 күн өтіп кеткен. Осы уақыт аралығында 37 жастағы әйел шегемен қағылған табыт ішінен шығуға тырысқан.

“Мазар маңында балалар ойнап жүрген шығар дедім. Бірақ моланың жанынан өтіп бара жатқанда дыбыстың табыт ішінен шығып жатқанын байқадым. Кейін тағы да қыздың даусын естідім. Ол табытты ашуға тырысқан екен. Қолдары жараланған еді”, – дейді куәгерлердің бірі.

 

Жіберіп алмаңыз:

Биыл трансгендерлер алғаш рет қажылыққа бармақ

Қатігез бала күтушінің сәбиді аяусыз ұрып жатқаны бақылау камерасына түсіп қалған (видео)

Жаңа далабымен мақтанғысы келген бойжеткен тұншығып өле жаздады (фото)

Жас жігіт метро рельсіне құлап кеткен бүлдіршінді құтқарып қалды (видео)

Талқылау