Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Тығылып жылап жүретін": Заңгер қорлық көрген үш қыздың туған анасы туралы айтып берді

Түркістан облысында өгей анасынан қорлық көрген үш қыздың туған анасы отбасын тастап кетпеген. Бұған дейін желіде әйелдің отбасын тастап, жеңіл жүріске салынып кеткені айтылған еді. Алайда заңгер Айгүл Орынбек бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тығылып жылап жүретін": Заңгер қорлық көрген үш қыздың туған анасы туралы айтып берді

Айгүл Орынбектің сөзінше, бүгінде қыздардың туған анасы дәретхана жуып нәпақа тауып жүр. 35 жастағы әйел ағасымен бірге тұрады екен.

«Қыздардың анасы жұмыс істеп кеткен жерлерге барып, мінездеме жинап жүрмін. «Өте жуас әйел, тығылып жылап жүретін, өз тірлігіне тиянақты. Ағасы жұмысқа алып келіп, алып кететін. Қылтың-сылтыңы жоқ», - деп сипаттап берді. 

Отыз беске келген әйел ағасымен тұрады. Жүріс жүретін адам дәретхана жумайды. Қазір ғана мейрамханадан шықтым. Шынында да дәретхана жуған екен...», - деп жазды заңгер Instagram желісінде. 

Сонымен қатар Айгүл Орынбек қыздардың туған анасы алдағы уақытта құзырлы органдардан өз өкілдігін талап етпек екенін айтты. Ол қыздармен психологтардың жұмыс істегенін сұрап отырған көрінеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісай қаласында өгей ананың үш қызына қорлық көрсетіп келгенін хабарлаған едік. Қыздардың денесіндегі жараларды мектеп мұғалімдері көрген. Директоры полицияға хабарласқан соң, істің ақ-қарасы анықтала бастады. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр