Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Террорлық әрекеттерге қатысқан қазақстандықтар азаматтықтан айырылулары мүмкін

Еліміздің мәдениет және спорт министрлігінің дін істері комитеті өзге ел аумағында террорлық әрекеттерге қатысқан ел азаматтарын, азаматтық мәртебеден айыру туралы ұсыныс жасады.

вмввмммввмвм

Сурет РИА Новости

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Өткен жылдың желтоқсан айында дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин өзге елдердегі террорлық әрекеттерге қатысқан ел адамдарын азаматтықтан айыру бойынша халықаралық тәжірибелерді қарастырып жатқанын айтқан болатын.

“Біз сол бастама негізінде ел басшылығына ұсыныс жасадық. Енді сол бойынша шешім қабылданады”, – деді Шойкин.

Ол мұндай бастама Ақтөбедегі жағдайдан соң енгізіліп отырғанын айтты.

Талқылау