Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Террористік қауіп-қатерге байланысты хабарламалар 110 нөмірі бойынша қабылданатын болды

Қазақстанда террористік қауіп-қатерге байланысты хабарламалар қабылдайтын бірыңғай нөмір белгіленді.

20160902133410

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Егер жоспарланып жатқан террористік актілері туралы білсеңіз, немесе радикалды топтардың адамдарды өзіне тарту, көндіру әрекеттеріне тап болсаңыз, не болмаса оның куәгері болсаңыз, терроризм мен діни экстремизмді насихаттайтын әдебиетті тарату туралы білсеңіз, «110» нөміріне хабарласыңыздар. Осы нөмір бойынша Қазақстанның кез келген аймағынан келіп түскен қоңырау аумақтық белгісі бойынша ҰҚК департаменттерінің кезекшілік қызметтеріне жолданады.

Еске салайық, Қауіпсіздік кеңесінің 2016 жылғы 10 маусымдағы хаттамалық тапсырмасымен облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне ІІМ, ҰҚК, сондай-ақ, Ақпарат және коммуникация министрлігімен жергілікті жерлерде терроризмге қарсы «қауырт» желілер ашу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Қазіргі кезде ҰҚК келісімге қол жеткізген аудандық, қалалық телефондардан және «Beeline» мобильді операторының нөмірлерінен тегін қоңырау шалуға болады. Басқа байланыс операторларымен келіссөздер жүргізілуде.

 

 

Талқылау