Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Терідегі сызаттар мен жараны қалай өңдеу керек

Stan.kz ақпараттық агенттігі терідегі сызаттар мен жараны қалай өңдеу керектігі жайлы балалар мен ересектерге арналған бірнеше емдеу тәсілдерін ұсынады.

Терідегі сызаттар мен жараны қалай өңдеу керек

Денеңді сырып немесе жарақаттап алғанда не істеу керек

Тері біздің денемізге микробтардың, қышыма қотыр тудыратын түрлі тері аурулар мен вирустардың кіріп кетпеуінен қорғайды. Оның тұтастығының бұзылуы біздің денемізге инфекциялардың енуіне жол ашады.

Тіпті, тері бетінде үнемі кездесетін зиянсыз бактериялар да ішке түсіп кетсе қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан, егер сіз теріңізді жарақаттап алсаңыз, онда келесідей әрекет етіңіз:

1. Жарақатты таза сумен шаю арқылы тазалаңыз.

2. Қан кетуді тоқтатыңыз. Кішігірім жарақаттар мен тілінген жерге аз уақыт таза мата немесе майлық басып тұрудың өзі жеткілікті.

3. Жарақаттан жердің айналасындағы теріні зарарсыздандырыңыз.

Дезинфекциялау үшін қандай құралдарды пайдалану керектігін және оны қалай дұрыс жасау керектігін анықтауға тырысайық. Объективті таңдау үшін қауіпті микроорганизмдердің көбеюін болдырмау немесе алдын алу, қолданған кезде ыңғайсыздықтың болуы, қоршаған ортаның теріс әсеріне әсері, сондай-ақ денеге жалпы әсер етуі маңызды екенін ескеру қажет.

Балалардың жарақатын немен өңдеген дұрыс

Балалардың терісі ересектердікінен ерекше. Себебі бала үздіксіз өседі, оның денесінің жасушалары теріс әсерге аса сезімтал және олардың табиғи қорғаныс жүйесі толығымен қалыптаспаған. Сондықтан, балаларға арналған дәрілік және косметикалық өнімдер үшін арнайы талаптар бар. Ең алдымен қауіпсізінен бастайық және жас шектеуі болған сайын ары қарай қозғалатын боламыз. Өйткені нәрестелер үшін қауіпсіз құралдарды ересектерге де қолдануға болады.

0-3 жасқа дейін

Мырыш тотығы (40%) және нәлімнің бауыр майынан жасалған жақпа май

Оның белсенді компоненті мырыш тотығы болып табылады. Деситин жақпа майын кішкентай тіліктер мен инфекция белгілері жоқ сызаттарға, жөргектік бөртпелерде, жеңіл күйікте қолданады. Бұл жақпа май тері бетінде қорғаныш қабатын құрып, қабынудың алдын алады. Оны қолдану кезінде бүгінгі күнге дейін жағымсыз әсері болған емес.

Бензалконий тотығы және цетримид қосындысы бар крем

Драполен кремінің құрамында бактерияларға, әсіресе грамоң бактерияларға қарсы белсенді әрекет ететін екі антисептик бар. Олар бензальконий тотығы мен цетримид. Көбінесе олар адамдарда қарапайым ауру тудыратын  стафилококк және стрептококк бактериялары.

Бұл кремді ауруға қарсы алдын-алу және емдеу шаралары ретінде қолданылатыны белгілі. Ол кішкентай тіліктер мен сызаттарда, сондай-ақ жеңіл және термиялық күйіктерді емдеу үшін қолданылады. Кремді таза және құрғақ теріге бірнеше рет жақса да болады. Сабын оның тиімділігін төмендетеді. Сондай-ақ, көзге тиіп кетуден сақтану керек.

Деспантенол және хлоргексидиннен жасалған крем

Бепантен Плюс комбинациялы препаратының құрамындағы декспентанол жараны емдеуді жеделдетсе, ал хлорхексидин инфекциямен күреседі.

Бөртпе тәрізді аллергиялық реакциялар жарақатты асқындырып жіберуі  мүмкін. Бала емізетін аналар емшектегі жараны емдеу үшін пайдаланған кезде, баланы емізбес бұрын кремнің  қалдықтарын жуып тастауы керек. Бұл препарат сабын немесе басқа да антисептикалық құралдармен үйлеспейді. Құлақ жарғағының аймағындағы жарақатқа сондай-ақ, үлкен ластанған жараларға да жағуға болмайды. Ондай жараларды дәрігерге көрсету керек. Қолданған кезде көзге тиіп кетуден сақтаныңыз. Егер көзге тиген жағдайда көп мөлшерлі сумен жақсылап шайыңыз.

Метилен көгі

Метилен көк бояғышының 1% ерітіндісін суға қосып қолданады. Бұл зат бактериялардың өсуін болдырмайды. Бірақ бірден өлтірмейді. Жаңа туған балаларға сондай-ақ, жүкті және емізетін аналарға қолдануға рұқсат етілген. Бұл препаратты мақта таяқшасымен жағыңыз. Қолданған кезде аллергия тудыруы мүмкін.

Ағылшын тіліндегі деректер базасында PubChem Methylene Blue ауызға кіріп кеткен кезде улы, ал жоғары концентрацияларда көздің және терінің қатты тітіркенуін тудырады.

0,02% фурацилин су ерітіндісі

Фурацилин ерітіндісі ішек таяқшасы, эшерихия, сальмонеллез, шигел, хеликобактер, гонококк, менингокок сияқты грамоң және грамтеріс бактерияларға да әсер етеді. Алдымен жараны фурацилин ерітіндісімен шайып немесе фурацилинге малынған дәкемен өңдеу керек. Бұл зат ішке сіңіп кетуі мүмкін, сондықтан оны шамадан тыс қолдануға болмайды. Ал қан кету, терінің аллергиялық реакциядан зақымдалуы және бүйрек аурулары кезінде қолданылмайды.

Сутегі тотығы

Әрқашан ерітіндінің пайыздық мөлшеріне назар аударыңыз. Теріге 3% -дан артық концентрацияны қолдануға болмайды.

Сутеті тотығы бактерияларға шамалы әсер етеді. Ол жарадағы лас кірді, киімнің бөліктерін, таңғыш қатты құрғап қалған жағдайда оны оңай алу үшін қажет болуы мүмкін.

Теріні күйдіріп, жазылып келе жатқан жарақаттарды зақымдауы мүмкін, сондай-ақ, аллергиялық реакциялар тудырған жағдайлар да кездеседі. Ағзаға және көзге түсіп кетуден сақтаныңыз.

1%-ды бриллиантты көк спиртті ерітінді 

Бриллиантты көк спиртті ерітіндінің құрамындағы 100 грамның 56 грамы спирт. Көк спиртті ерітінді тек грамоң бактерияларға қарсы белсенді әсер етеді. Оның құрамдағы спирт химиялық түрде теріні тітіркендіреді сондай-ақ, қолданғанда денені күйдіріп, құрғатып жібереді.

Егер жасыл дәрінің бетін ұзақ уақыт бойы ашық қалдырып кетсеңіз, онда спирт буға айналып, ұшып кетеді. Соның салдарынан ерітінді едәуір концентрацияланатындықтан, оны қолдануға болмайды. Сондай-ақ, көп спиртті ерітіндіні йод, хлор ерітіндісі секілді басқа да жергілікті антисептикалық құралдармен үйлестіруге болмайды.

5 пайызды йод ерітіндісі 

Йод грамоң және грамтеріс бактерияларға, сондай-ақ қышыма, қотырларға да әсер етеді. Үлкен жарақатта йод денеге сіңіп кетеді және бүкіл денеге әсер етеді. Қалқанша безімен сіңіріліп, метаболизмге әсер етеді, емшек сүтіне түседі. Сондай-ақ, йод теріні тітіркендіреді және ұзақ уақыт қолданған кезде мұрынның шырышты қабынуын, күлдіреу немесе безеу түріндегі бөртпелер, бет пен жоғарғы тыныс жолдарының аллергиялық ісінуін, сілекей және жас ағу секілді йодизм тудыруы мүмкін. Оны құрамында сынап бар эфир майлары және препараттармен біріктіруге болмайды.

Жолжелкен

Жолжелкенді көшеден жұлып алып қолдана беруге болады. Бірақ, алдымен жапырақты кір мен шаңнан тазартып, шырын шығу үшін қолмен ақырын қысу керек. Содан кейін оны жараға қойып, дәке немесе орамалмен ораңыз.

3 жастан бастап

Жараларды емдеуге арналған бензалконий тотыты бар спрей

Деттол бензалконий тотығы антисептикалық препараты бактерияларға, герпес вирустарына және қышымаға қарсы белсенді әрекет етеді. Бұл спрей жеңіл және термиялық күйікте, денені тіліп немесе кесіп алған кезде қолданылады.

Жаралар жуу немесе шашу әдісімен өңделеді. Аллергиялық реакцияларды және терінің жергілікті қабынуын сирек тудырады. Оны сабынмен және йодпен біріктіруге болмайды. Сондай-ақ, көзге тиіп кеткен жағдайда, сумен мұқият шайыңыз.

Ересек адамдардың жарақатын немен өңдеу керек

0,05 пайызды биглюконат хлоргексидин сулы ерітіндісі

Бұл ерітінді бактерияларға, вирустар мен қышымаға қарсы белсенді. Онымен жараларды тампон қолдану арқылы өңдейді.

Дерматит аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Балаларға, сондай-ақ жүкті және емізетін әйелдерге қолдануда сақ болыңыз. Сонымен қатар, йодпен үйлестіруге болмайды.

Антисептикалық құралдар ауру тудыратын вирустарды, қышыма мен бактерияларды өлтіруге немесе бейтараптандыруға тиіс болғандықтан, олардың өзі ішке еніп кетсе қауіпті. Осы жағдайды ескере отырып, оларды әсіресе балаларға қолдану кезінде абай болыңыз. Себебі, бұл препараттарды шамадан тыс пайдалануға болмайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау