Терактіден соң Ақтөбе мұсылмандарының өмірі қалай өзгерді (видео)

Дүйсенбі, 13 Маусым , 2016 12:07

Жұма күні Ақтөбе мешіттеріне жұма намазын оқуға жиылған жұртшылық, қайғылы оқиғадан соң мұсылмандардың өмірі қалай өзгергені туралы пікір білдірген.

4ltkb3vSO6xk

Бұл туралы Диапазон хабарлайды.

“Достар, туыстар алаңдаушылық білдіруде. Тіпті сақалды қырып тастауға да кеңес беретіндер көбейді. Көшедегі адамдар басқаша көзқараспен қарайтын секілді. Ал көлік айдап бара жатсам, тәртіп сақшылары да жиі тоқтататын болған”, – дейді Ербол есімді тұрғын.

Ал Жәбірейл есімді ер адам, 10 жылдан бері дін жолындамын дейді.

“Көршілерім де, әріптестерім де мені жақсы таниды. Электр дәнекерлеуші болып жұмыс істеймін. Намазымды оқимын. Бейбіт заманда адамдардың қақтығысқа баруы қынжылтады. Менімше мұсылмандарға ешкім төніп жатқан жоқ. Бәрі бұрынғыдай”, – деді ол.

Оның айтуынша адамдар тек дәстүрлі ислам мен радикалды бағыттағыларды айыра алулары керек.

“Исламға берілген, оны түсінген адам бейәдеп сөз айтпайды, түзу жүреді, әрі қай нәрсеге де сабырмен қарап, байыпты болады. Әрине, намаз оқымайтын адамдар да түсінігі терең, ақылды адамдар көп. Нағыз мұсылмандар мұны түсінеді”, – дейді қалалық тұрғын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Наурызбек says:

    1 құмалақ 1 қарын майды шірітеді демекші, осындай адасқандардың кесірі бүкіл дінге әсер етеді

  • Рауан says:

    Діни ағымдардың көп болуының себебінен адасушылық та көп, ақ пен қараны ажырата білсек жақсы болар еді

  • Замира says:

    Осындай жолмен дінді қаралағысы келді, таза Исламда мұндай жоқ

  • Шынгыс says:

    Өз басым кейінгі уақытта сақалдыларды көп байқайтын болыппын, әлде бұрын онша назар аудармайтын едім ба, білмеймін, мына теракт адамның миын улау болды

  • Темиржан says:

    Әрине, мына жағдайдан кейін басқаша көзқарас болады,адамдар енді қорқатын болады сақалдылардан, орамал таққандардан

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар